«Сарбаз» кемесі Каспий теңізінде ел шекарасын күзетеді

Бүгін Шаған өзенінде «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жасап шығарған су ығыстырылымы 250 тонна «Сарбаз» кемесі суға түсірілді. Бұл - еліміздің тәуелсіздік жылдары аталған зауытта құрастырылған жиырма төртінші кеме.

Осынау қуанышты оқиғамен зауыт ұжымын облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтап, бұл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты тарту екендігін атап өтті. Енді «Сарбаз» кемесі де Каспий теңізінде ел шекарасын күзетуге қызмет ететін болады.

Кеме ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысымен жасалған. Кеменің ұзындығы 42, ені 7,8 метр.

Зауыт басшысы Вячеслав Валиевтің айтуынша, жаңа кеменің міндеті бөлектеу. Қосалқы қызмет атқаратын кеме  мұзға қарсы күшейтілген, ол 170 тоннаға дейінгі ауыр жүкті алып жүре алады. Алдағы уақытта палубасында тікұшақ бар күзет кемесін құрастыру ойластырылуда.

Айта кетейік, «Сарбаз» кемесі Жайық өзені бойымен Каспийге жеткізіледі. Содан кейін сынақтан өткізіліп, тапсырыс берушіге табыс етіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"