Оқушыларды әскери даярлықпен шыңдаған далалық жиын

Өткен жұмада Отан қорғаушылар алаңында  әскери оқу-далалық жиынның салтанатты жабылуы өтті. Камуфляж киіп, қаз-қатар тізілген оқушылар салтанатты жиында сап түзеп, әскери саланың ардагерлері алдында өз өнерлерін ортаға салды.

Төрт күндік далалық жиын нәтижесіз өтпепті. Оқушылар қоян-қолтық ұрыс, қару-жарақпен көрсетілетін дефиле, тактикалық жаттығулар, саптық маршпен ән айтып жүріп өту сынды әскери машықтың түр-түрін көрсетті. Астана қаласы мектептерінің 10 сынып оқушылары қатысқан далалық жиын мамыр айының 14-18 аралығында ұйымдастырылған еді. Қала мектептерінің 2400-ге жуық оқушысы қатысқан далалық жиын жыл бойы өткен алғашқы әскери дайындық сабағының қорытындысы іспетті. Оқушылар әскери машықтың теориялық негіздерін мектеп қабырғасында меңгерсе, ал әскери оқу-далалық жиында сол алған білімдерін тәжірибеде тағы бір сынап көрді. Саптық даярлық, атыс түрлері мен тәсілдері, әскери-қолданбалы дайындық сынды әскери машық түрлерін меңгерді.

–Бүгінгі таңда қаламызда әскери-патриоттық бағытта жалпы білім беретін мектептер мен колледждер базасында 69 әскери-патриоттық клуб пен 20 мектеп базасында 30 кадеттік кластар жұмыс істейді. Ардагерлер ескерткішіне құрметті қарауыл қою, Жеңіс күні сынды өзге де патриоттық шаралар біздің, яғни кадеттердің қатысуынсыз өткен емес. Бұл далалық жиында оқушылар 40-шы әскери қалашықта болып, әскери қызметшілер өмірімен танысты. Көптеген тәжірибелік дайындықтардан өтті, - деді «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының және алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Сергей Шарыпов.

Салтанатты шарада, сондай-ақ әскери оқу-далалық жиынында үздік нәтиже көрсеткен рота командирлеріне алғыс грамоталары тапсырылды. Атап айтқанда, 1 орынды №25 мектеп, 2 орынды №56, 3 орынды №18 мектеп-гимназиясының рота командирлері иеленді. «Еліміздің кең байтақ жерін, әуе кеңістігін, теңіз шекарасын қорғауда сіздер мұндай далалық жиынға қатысу арқылы алғашқы қадам жасап тұрсыздар! Араларыңыздан жоғары әскери институттарға түсетін, өмірін халқының тьыныштығын қорғауға арнайтын әскери қызметшілер шығар. Барлықтарыңызды осы оқу далалық жиынның аяқталуымен, ал мұғалім-ұстаздарыңызды осындай елімізді қорғауға дайын жастарды тәрбиелегені үшін алғыс айтып, құттықтауға рұқсат етіңіздер,- деді Астана қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, полковник Ғани Артықов. Әскери қызметшілердің өзіне жеңіл соқпайтын далалық полигондағы тәжірибелік дайындықтың жастарға берер тағылымы мол.

                                                                                                  Меруерт Сафаева

                                                                  Суреттерді түсірген Ағыбай Аяпберген

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"