«Жас ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық шырша өтті

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұланә республикалық мектептерінің тәрбиеленушілеріне арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өтті.

Қорғаныс министрлігінің атынан «Жас ұлан» мектептерінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров құттықтады. Сөз сөйлеуі барысында ол оқу үздіктері, спортшылар мен белсенділердің жетістіктерін атап өтіп, оларға 2018 жылы биік белестерді бағындыруда сәттілік тіледі. Мерекелік шараға 10-11 сыныптарда оқитын «Жас ұлан» республикалық мектептерінің 34 тәрбиеленушісі қатысты. Олардың барлығы қамқорлықтағы балалар және балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылады.
«Ұйымдастырылған мереке үшін Сіздерге көп рахмет. Мұндай іс-шараға қатысу мен үшін үлкен абырой. Барлық қатысушыларды келе жатқан Жаңа 2018 жылмен құттықтағым келеді. Келер жыл баршамыз үшін бақытты, сәтті және жемісті жыл болғай. Болашақта өз тағдырымды әскери қызметпен байланыстырып, офицер атанып, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін қызмет еткім келеді. Бізге білдірген сенімдеріңіз бен үкілеген үміттеріңізді ақтаймыз деп сенімді түрде айта аламын. Күш-жігерімізді салып еңбек етіп, білім нәрін сусындап, әскери ғылымның қыр-сырын меңгеретін боламыз», - деді тәрбиеленушілердің атынан сөз сөйлеген С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жас ұланы Шыңғыс Қарабек.
Сонымен қатар, кеш қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалып, мерекелік дастархан жайылды және әрбір тәрбиеленушіге сыйлықтар табыс етілді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"