Жаңартылған шынжыр табан техникасы

 Жаңартылған шынжыр табан техникасы

Қазақстандық «Қазақстан инжиниринг - 811 автожөндеу зауыты» V Халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде КМ-ЖБ базасында брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуаторды көрсетеді.

Жаңғыртылған шынжыр табан техникасын шараның ашық алаңында көруге болады.

Жеңіл брондалған көп мақсатты тартқыштың базасындағы БМТЭ – ошақтардан зақымданған жаппай санитарлық шығындарды, жарақат алғандарды шайқас алаңынан алып шығуға, іздестіруге, бірінші шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған.

Брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуатор түнде көрудің жылу бейнелеу құрылғысымен, жараланғандарды іздестіруге арналған прожектормен, медициналық жабдықтармен жарақталған.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ өрт сөндіру автошанаштарының күрделі жөндеуі мен жаңғыртуына, әскери техниканы жаңғыртуға және өндіруге, автокөлік және шынжыр табан техниканың күрделі жөндеуіне маманданған.

Кәсіпорын көп салалы өндірістік базасы, жоғары сапалы қызмет көрсету және өнім шығару үшін жоғары білікті мамандары бар, әскери техниканы жөндеу және қызмет көрсету саласында көпжылдық тәжірибеге ие.

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана