Ең үздік ғылыми жоба деп танылды

7-8 сәуір аралығында Астана қаласы Оқушылар сарайында оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру мақсатында орта мектептер, гимназиялардың  және лицейлердің 8-11 сынып  оқушылары арасында химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» І Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысы өтті.

Осы конкурсқа генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың «Қар суын зерттеу арқылы атмосфералық ластануды анықтау» тақырыбындағы химия ғылымы бойынша тәжірибелік зерттеулері бар, оқушының  ғылыми жетекшілерінің бағыттауымен өздігінен жасаған және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысы қазақ тілінде  ұсынылды.
Ғылыми жетекшілері – химия және биология пәнінің мұғалімі Тұрсынай Байтуова мен химия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент Жанар Искакова.
Сайыс конкурсант оқушылардың қатысуымен, жұмысты мультимедиялық презентациямен 7-10 минут аралығында баяндау арқылы  және 5-10 минуттай әділқазы мүшелерінің сұрақ қоюына арналған мүмкіндікпен өткізілді.
Оның қорытындысы бойынша генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың ғылыми-зерттеу жұмысы «ең үздік ғылыми жоба» деп танылды.
   Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» І Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысында I  орын алғаны үшін ұлан Каримхан Нұрасыл Қанатұлы, жетекшісі  Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы және Искакова Жанар Бақтыбайқызы
I дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлық табысталды.

Капитан М. СМАҒҰЛ
Идеология және арнайы насихаттау
офицері

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"