7-8 сәуір аралығында Астана қаласы Оқушылар сарайында оқушылардың шығармашылық қабілетін ашу, мектеп оқушыларының химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және ынталандыру мақсатында орта мектептер, гимназиялардың және лицейлердің 8-11 сынып оқушылары арасында химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» І Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысы өтті.
Осы конкурсқа генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың «Қар суын зерттеу арқылы атмосфералық ластануды анықтау» тақырыбындағы химия ғылымы бойынша тәжірибелік зерттеулері бар, оқушының ғылыми жетекшілерінің бағыттауымен өздігінен жасаған және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмысы қазақ тілінде ұсынылды.
Ғылыми жетекшілері – химия және биология пәнінің мұғалімі Тұрсынай Байтуова мен химия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент Жанар Искакова.
Сайыс конкурсант оқушылардың қатысуымен, жұмысты мультимедиялық презентациямен 7-10 минут аралығында баяндау арқылы және 5-10 минуттай әділқазы мүшелерінің сұрақ қоюына арналған мүмкіндікпен өткізілді.
Оның қорытындысы бойынша генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2 оқу ротасы 1 взвод 11 «А» сынып ұланы Каримхан Нұрасылдың ғылыми-зерттеу жұмысы «ең үздік ғылыми жоба» деп танылды.
Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында химия бағыты бойынша «Химик-зерттеуші» І Халықаралық үздік ғылыми жоба сайысында I орын алғаны үшін ұлан Каримхан Нұрасыл Қанатұлы, жетекшісі Байтуова Тұрсынай Төлегетайқызы және Искакова Жанар Бақтыбайқызы
I дәрежелі дипломмен марапатталып, бағалы сыйлық табысталды.
Капитан М. СМАҒҰЛ
Идеология және арнайы насихаттау
офицері