Елорда – ел мақтанышы

Уақыт зымырап өтеді екен. Көзді ашып жұмғанша жас қаламызға, бас қаламыз Астанамызға биыл – 20 жыл. Осы жыл ішінде қанатын кеңге жайған әсем қалада, қарасаң көзің тоймайтын биік-биік ғимараттар, ойын-сауық кешендері, спорттық алаңдар, демалыс орындары, саябақтар көптеп салынған. Әлі де салынуда. 1 ай басқа жаққа кетіп, қайтып келсең, Астананы танымай қалуға болады. Себебі, қала дамуда, жаңаруда, аз уақытта жаңа үйлер бой көтеруде.

Астана мәртебесін алғалы бері қалада 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған екен. Олардың құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты. Мақтанышпен айтатыны Қазақстан мен Орта Азиядағы ең биік ғимарат «Әбу Даби Плаза» кешені де Астанамызда. Бұның бәрі баршаға мәлім халық үшін, халықтың игілігі үшін жасалуда. Күн сайын елімізге ағылып, көшіп келіп жатқан адамдар да қаншама. Астана қаласы - әлемге танылған қалалардың қатарынан ойып тұрып орын алатын дәрежеге жетті деп ойлаймын. Сонымен қатар, шаһар халқының саны да арту үстінде. 2017 жылғы санақ бойынша елордада тұратын халық саны 1 млн 26 мың. Бұл дегеніміз - Астанада тұрудың ыңғайлы, жайлы, қолайлылығын көрсетеді. Бір күнде өмір есігін 3500 бала ашады екен. Осындай жерде туып, өмір сүретін жас ұрпақтың болашағы да әрдайым жарқын болатыны да сөзсіз. Жыл сайын мектептер, балабақшалар, ауруханалар да көптеп ашылуда. Астана күннен күнге көркейіп, сонымен қоса үлкейіп келеді.

Қазір ол оң және сол жағалау болып 2 ге бөлінеді. Әсемдігіне сөз жетпейтін қалада 2017 жылы салынған ЭКСПО-ның өтуі көптеген адамдарды таң қалдырды. Астанаға түкпір-түкпірден келген шетелдіктерге осындай әдемілікпен, қонақжайлылықпен қарсы алып, шығарып салып, қала ғана емес, оның тұрғындарының да ізгі ниетті екенін тағы бір мәрте дәлелдедік. Бұл ЭКСПО - 20 жылда жеткен жетістігіміздің бір бөлігі ғана. Тағы да 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның саммиті болған. 56 елдің мемлекет және сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. Ол да жоғарғы деңгейде, ойдағыдай өтті.

Мен қазір Астанадағы көктал-2 кентінде тұрамын. Менің әжем Қызылорда облысының Арал ауданының тумасы. Наурыз айында 71 жасқа толған туған күнін тойладық. 5 баланы дүниеге әкелген ана, 13 немере, 2 шөберенің асыл әжесі. Мен 3 айлағымнан әжемнің қызы болып өскендіктен, екеуміз көп сөйлесеміз. Әжемнің айтуы бойынша 2000 жылдары атам екеуі осы көктал-2 ге көшіп келгенде, бұнда бірнеше ғана үй болған, жазық дала болыпты. Бүгінде ол сөздерге сену қиын. Бірақ ол шындық. Кейде әжеме мүмкін емес деген кездерім де болды. Себебі, осындай аз уақыт ішінде қала қатты үлкейіп кеткен. Қазір мұнда өзім оқып жүрген 1500 балаға білім беріп жатқан №68 орта мектеп, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығы да бар. Емхана салыну үстінде. 1 жыл бұрын ғана жолдар өзгеріске ұшырап, кеңейіп,   жөндеу жұмыстарынан өткен.

Бұл Астананың бір ғана бөлігі, шағын ауданы. Ал енді 20 жылда дамып жатқан осындай қаншама ауданды елестетіңіз. Бұл біздің жеткен жетістіктеріміз. Алға қойған арман-тілек, мақсатымыз да жетерлік. Олардың бәрін болашақта жүзеге асыру үшін білімді, көзі ашық, көкіргі ояу саналы жас ұрпақ керек. Ол – біз. Мен бірнеше айдан кейін алтын ұя мектебіммен қоштасып, оқушылық, балалық сәтті артқа қалдырып, үлкен өмірге аяқ басамын және діттеген арманға қол жеткіземіз деп ойлаймын. Ия біз оған жетеміз, сол арманды орындаймыз, себебі «Біз жастарға сенеміз» деген бабалар сөзі үлкен рух, күш-жігер береді. Астанада туып, өсіп-өніп, білім алып жатқаныма шексіз бақыттымын, қуанамын. Астана еліміздің бас қаласы деп мақтанышпен айтамыз.

Ару қалам Астанам.            

Мақтанышым жас қалам,                  

Сүйсіне қарап таң қалам                                   

Суы мөлдір,

Ауасы жұпар кең далам.

Бір көруге кейбіреулер асыққан

Тамашасың бас қаламыз-Астанам!

Айдана Жанғабылова

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"