Экстремалдық жағдайда жұмыс жасады

 Экстремалдық жағдайда жұмыс жасады

Алматы облысы маңындағы «Жағалау» оқу-жаттығу орталығының базасында республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған кезекті «Әскери дискурс» практикалық семинары аяқталды.

Үш күн бойы республикалық БАҚ өкілдері мен Қазақстанның блогерлері экстремалды жағдайларда жұмыс жасауға қажетті әскери істің дағдыларымен танысты. Қатысушылардың алдында шынайыға келтірілген жағдайларда өз іс-қимылын пысықтауға үйрену міндеті тұрды. Семинардың басында қатысушылар армия өмірінің қыр-сырымен танысты. Дәріс беру және практикалық сабақтар кезінде журналистер кәсіби тапсырмаларды орындап, түрлі жағдайларда психологиялық және моральдық дайындыққа күрделі сынақтан өтті. Іс-шараны өткізу орнына бара жатқан журналистерге таулы жерлерде колоннаға жасалған шабуыл элементтері пысықталды. Бұл жерде кепілге алынғандар рөлінде журналистер болды. Осы жерде БАҚ өкілдері өздеріне шынайы жасалған шабуылды сезініп, психологиялық және физикалық әсер ету сынақтарын басынан кешірді.
«Осы үш күн ішінде барлығы болды, экстрим, қауіп пен қорқыныш сезімдері. Біз төсекте жатқанда кенеттен атыс басталып, біздің базаға шабуыл жасалды. Арқаға рюкзакты салып алып, сыртқа жүгіріп шықтық. Одан әрі жылдам аумаққа бағыт алдық. Содан кейін тура фильмдегідей командир түтіндетіп бір нәрсені жоғары лақтырды, біздің артымыздан 2 тікұшақ келді де тез арада жүктерімізді салып, әскери қақтығыс аумағынан тыс ұшып шықтық. Бізді айдалаға, өзен бе, тау ма түсініксіз бір жерге түсіріп кетті. Белгіленген жерге дейін 7 шақырым. Сонымен, тамақсыз, түнгі сағат 12-де біз тауға шықтық. Жиналатын орынға жеткен соң, шатырларды, құрғатылған тамақтарды, төсектерді таптық. Әзірге нағыз дискурс осы болды», - деп блогер Евгений Рура өзінің «Facebook» парақшасында атап өтті. Іс-шараның аяқталысымен «Әскери дискурсты» ұйымдастырушылар БАҚ өкілдеріне курсты өткендігі үшін сертификаттар табыс етіп, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"