Білім күніне арналған салтанатты жиын


ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев елорданың іргесіндегі Қосшы ауылындағы №2 орта мектепке барып, Білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты бірінші патриоттық сабақ өткізді.

Білім ордасында 4 000-ға жуық оқушы білім алады.  Сонымен қатар ведомство басшысы мектеп оқушыларын, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жас буынмен тілдесті. Кездесуде Қорғаныс ведомствосының басшысы өскелең ұрпақпен әңгімелесті. Өз сөзінде білім – әрбір ұрпақ пен мемлекеттің игілігі құрылатын сенімді іргетасы болса, отансүйгіштік – нағыз азаматтың маңызды белгісі деп атап өтті. «Жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көше мен үйге қарауда ұқыптылыққа, өз халқын, туын, тілін құрметтеуге үйрету қажет» , - дейді. Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев оқушыларға Қазақстанның заманауи әскері, оның құрылымы мен міндеттері жайында айтып берді.

Өз кезегінде оқушылар әскерлердің техникалық жабдықталуы және 21 ғасыр әскери қызметшілерінің бейнесі туралы сұрақтар қойды. "Есейгенде кейбіреулеріңіз Отан қорғаушы мамандығын таңдап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына түсулеріңіз мүмкін. Сондықтан естеріңізде болсын, еліңді қорғау әрқашан жоғары азаматтық ерлік болып саналады", – деді Нұрлан Ермекбаев. Биыл Қазақстанның әскери оқу орындарында да жаңа оқу жылы басталды. Болашақ ел қорғандарын еліміздегі 4 "Жас Ұлан" әскери мектебі, Кадет корпусы, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери институты, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті дайындайтын болады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"