25 жылдыққа арналған мерекелік концерт халықтың мерейін өсірді

Елорданың «Қазақстан» орталық концерт залында Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Еліміздің Қарулы Күштерінің мерейтойы бұл барша Қазақстан үшін атаулы оқиға. 25 жыл ішінде қазақстандық армия қалыптасу мен дамудың даңқты жолынан өтті. Атаулы күнге арналған мерекелік концерт ҚР ҚК әскери қызметшілерінің үздік жетістіктерін, олардың жауынгерлік рухы мен патриотизмін көрсетті.

Бағдарламаға ҚР Қарулы Күштері мен әскер тектерінің барлық түрлері әскери бөлімшелерінің үздік шығармашылық күштері, сондай-ақ республикалық «Жас ұлан» мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, орталық ансамбль мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі, өңірлік қолбасшылықтардың, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, десанттық-шабуылдау әскерлері мен Кадет корпусының көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты. Мерекелік бағдарламада қазақстандық армияның жетістіктері, фольклорлық музыканың жауһары шырқалды. Сондай-ақ көрермендерге әртүрлі замандағы батырларды еске алуға арналған арнайы хореографиялық композиция көрсетілді.
Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындаған домбырашылардың құрама ансамблі жарқын өнерлерін паш етті. Ансамбль құрамында өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшілері, ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, «Жас ұлан» республикалық әскери мектебі мен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері. Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Зымыран әскерлері мен артиллерия, «Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскери қызметшілері армиялық попурриді өзінше орындады. Олардың орындауында «Сарбаздар», «Барлаушылар әнұраны», «Байланысшылар», «Артиллерияшылар маршы», «Шығыс» және «Тәуелсіз Қазақстан» әндері шырқалды.

Александров атындағы Ресей армиясы ансамблінің, Қытай Қорғаныс министрлігінің Ван Лида ән-би ансамблі, Азамат Желтіргөзовтың Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі жетекші солистерінің музыкалық құттықтауы концерттің көркін қыздырды. Нөмірлердің қойылымдары әртүрлі әсерлі және көзтартар элементтерге толы болды. Онда іс-шараның ауқымдылығы мен атап өтіліп жатқан датаның маңыздылығы байқалып тұрды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"