«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасына баспасөз парақшасы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірледі.

Басшылардың ынталандыру мақсатында, сонымен қатар сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету есебінен шығындары тізімінің кеңейту мақсатында жобасы әзірленді.

Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу рұқсат етілетін жағдайлар көрсетілген.

Сонымен бірге материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемақыларын және сыйлықақыны үнемдеу есебінен басшыларға жүргізілетін шығындардың кеңейтілген тізімімен тарау толықтырылды.


Бұйрық мәтіні:

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің   2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17438 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қазанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидаларына:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қазыналық кәсіпорындарының (бұдан әрі – кәсіпорын) басшыларына сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Сыйлықақы беру және лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі»;

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақылары басшылардың жұмысының  нәтижелері бойынша  жыл сайын  мынадай жағдайларда белгіленеді:

1)  өткен кезеңде кәсіпорынның табысқа қол жеткізгені үшін;

2) іс жүзінде табысты қолданатын жоғары кәсіби біліктілік деңгейімен үйлесетін, жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі, өтілі және дағдылары үшін.

5. Сыйлықақы беру және лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі оң шешім қабылдаған кезде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

«4-тарау. Сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету тәртібі.

8. Сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеу және материалдық көмек көрсету шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:

1) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 % асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда – бір жылда  үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:

іссапарлар шығыстары;

коммуналдық көрсетілетін қызметтер;

электр энергиясы;

жылу;

байланыстың көрсетілетін қызметтері;

көліктің көрсетілетін қызметтері;

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;

негізгі құралдар бойынша жалға алу ақысы;

кредиттер бойынша сыйақыны (мүддені) өтеу шығындары;

өзге де ағымдағы шығыстар;

2) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде шығыстардың мынадай түрлері бойынша:

жалақы;

салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдер.

9. Шығыстардың қалған түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақыларын белгілеуге және материалдық көмек көрсетуге жұмсауға жол берілмейді.».

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

 

генерал-майор                                                              Н. Ермекбаев

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи