Көк Туы желбіреген Қазақстан

Биыл – Тәуелсіз еліміздің кірпіші қаланғанына 27 жыл. Халықтың тәуелсіздігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары азаттық жолында күресті. Барлығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай, талмай күресті.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздің күні жөнінде ойланғанда желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, оларды еске алу парыз деп санаймын...

Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ, қажырлы күреспен келді. Қазақтың азаттыққа жету жолын ойланғанда Жұбан Молдағалиевтің:

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін!

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім», – деген өлең жолдары келеді.

Жұбан аға жырлаған қазаққа 1991 жылы бостандықтың таңы шапағатпен атты. Қазір көк Туы желбіреген Қазақстанды әлем таниды. Азат елдің 27 жылында өркениетті елдердің қатарына қосылуға ауыз толтырып айтарлықтай талай қадамдар жасалды, жасала түспек. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел болашағына сенімім мол. Біздің ұрпақ біліммен қаруланып, кең байтақ жеріміздің нағыз қорғаушыларына айналары да анық. Тәуелсіздіктің саналы ұрпаққа артар міндеті бар. Ол – ғасырлар бойы бабаларымыз күрескен тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қастерлеу. Туын биік ұстау. Жауапкершілікпен қарау. Тілімізді сақтау, салт-дәстүрімізді сақтау, ұлттық құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу сіз бен біздің қолымызда.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұрпағы – Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмырлы болсын!

Қарлығаш АҚЫЛБЕКОВА

Ақпарат және коммуникациялар департаменті


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"