Заңдылықты сақтау мәселесі қаралды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 40398 әскери бөлімінде Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры әділет подполковнигі Есжан Сыбанбаевтың қатысуымен «Армияда қылмысқа орын жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Онда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасы» және  заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі қабылданған шаралардың жағдайы қаралды. 2015 жылы 23 желтоқсанда қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықты сауықтырудың жаңа бағдарламасын жүзеге асырудың мәселелері де талқыланды.

Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры қорғаныс қабілеттілігін нығайту, жауынгерлік және мобилизациялық дайындықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын тілге тиек етті. Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың сақталуын ұйымдастыру кезіндегі заңдылықтың сақталуы – әскери прокуратура органдарының қадағалау қызметін жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Әділет подполковнигі Есжан Сыбанбаев Қазақстан армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, Отан қорғаушылар мен өскелең ұрпаққа құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі кең көлемді жұмыстарды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Басқосуға 40398 әскери бөлімінің командирі ұлан подполковнигі С.Рамазанов, оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі С.Байбосынов, Үшарал  гарнизоны полиция бөлімінің бастығы майор С.Байқұлов та қатысып отырды. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений