Заңды білу – заман талабы

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы халыққа арнаған Жолдауында «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша қойған басты талаптардың бірі «Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу» болатын. Аталған тапсырманы орындау мақсатында ҚР Қарулы күштерінде бірқатар кешенді жоспарлар қабылданып, іске асырылуда.

Мәселен, Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов үстіміздегі жылдың 23 қазанында Жалтыркөл елді мекенінде орналасқан 44813 әскери бөліміне қарасты 3-ші зенитті зымырандық дивизионында болып, бөлімшенің аумағын, үй-жайын, корпусын, штабты аралап, жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігімен жіті танысты. 3-ші бөлімшенің жеке құрамымен «Прокурор сағатын» өткізді. Аталмыш сабақ барысында ол жеке құрамға әскери қызметте және қызметтен тыс уақытта қылмыстық құқық бұзушылыққа итермелейтін себептерге және оның салдарына кеңірек тоқталды. Бұл орайда ол мысал ретінде 2017 жылдың III-тоқсанында Ақмола гарнизонында орын алған қылмыстық және әкімшлік құқық бұзушылықтарды атап өтті.

Әскери прокурор әскери қызметшілердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз кеңесін айтты. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметшілермен емен-жарқын сұхбат жүргізіп, әскери тәртіпті нығайтуға күш салу керектігін жеткізді. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений