Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштеріне су жаңа жоғары маневрлі Су-30СМ жойғыштарының кезекті партиясы келіп түсті.
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің пайдалануы жылдарында Су-30СМ ұшақтары өзін жақсы жағынан көрсетті. Олар әртүрлі оқу-жаттығуларға, оның ішінде, халықаралық ауқымдағы оқу-жаттығуларға тартылды. Су-30 СМ ұшақтары «4++» класына жатады және өзінің ұшу және тактикалық-техникалық сипаттамалары бойынша соңғы бесінші үлгідегі ұшақтарға барынша жақындатылған. Су-30 СМ ұшақтары қарсыластан анағұрлым қашықтықта және кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырмалардың кең ауқымын орындауға қабілетті.
Ұшақтың аталмыш типі радиолокацияға қарсы және корабльге қарсы басқарылатын зымырандарды, орташа және шағын қашықтықтағы «әуе-әуе» класындағы басқарылатын зымырандарды, жоғары дәл авиациялық бомбаларды пайдалана алады. Жойғыш әуедегі үстемдікке жету, оның ішінде, түнгі уақытта және күрделі метеорологиялық жағдайларда әуеайлақтарды оқшаулау, әуе, жерүсті және теңіз межелерін жою үшін арналған.