Ынтымағы жарасқан жанұя

«Отбасы – шағын мемлекет» демекші, Шымкент қаласындағы әуе қозғалысын басқару орталығының айрандай ұйып, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасыларының бірі – Бимағамбетовтар отбасысы.


Шымкент қаласының әуе қозғалысын басқару орталығында әрбір  отбасы үлгі боларлықтай. Дегенмен өткізілген әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қатысуымен «Біз бір тату отбасы» атты толағай отбасылық сайыста Бимағамбетовтар жанұясы – өздерін тәрбиелік, инабаттылық, сыйластық, татулық қырларын көрсетіп, 1-ші орын алған болатын.  
Майор Жандос Бимағамбетов пен жұбайы Лаура Нұрбекова үш ұлын салауатты өмір сүруге, адал болуға, жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға үйретуде. Олардың білімдеріне ерекше мән беруде. Осы тәрбиенің жемісі болар, үлкен ұлы Жандосұлы Мухаммед Республикалық олимпиададан математика және орыс тілі пәндерінен өткізілген жарыстан 1-ші орын алып, жеңімпаз атанған.
Кейіпкеріміз үш ұлды тәрбиелеп қоймай,  Шымкент қаласы әуе қозғалысын басқару орталығының жеке құрамын Отанға деген ыстық сезімге, сыйластыққа тәрбиелеп, дұрыс жолды сілтеп, дұрыс бағдар беріп жүрген орталығымыздың штаттан тыс тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары ретінде қызметтін атқарып келуде.  
«Отан – отбасынан басталады» дегендей, қазақтың үлгі болар отбасысылары көбейіп, мақтан етер ұрпағы мен мақтаныш болар қарттары көп болғай.  


Кіші сержант Набира ХОЖАКЕЛЬДИЕВА
36739 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"