Взодтардың жауынгерлік атысы


     Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан 99116 әскери бөлімінің құрылғанына биыл екі жылдан астам уақыт болды. Міне, осы аз уақыт ішінде әскери бөлім жауынгерлік және күнделікті әскери қызметте жоғары басшылық тарапынан үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Әскери бөлім осы дәстүрді әрі қарай жалғастыру мақсатында жаңа оқу жылын жоғарғы қарқынмен бастап та кетті. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда 2018 оқу жылының жауынгерлік дайындық жоспарына сай, биылғы жылдың
20  ақпаны мен 1 наурызы  аралығында взовдтардың жауынгерлік атысы өтті. Бұл жауынгерлік дайындық аясында «Бекет Ата» оқу полигонында күндізгі және түнгі жауынгерлік атыстары және 1-барлау ротасының барлау взводтары «торуыл» бойынша іс-қимылдар жасады.  Полигонда өткен бұл дайындық барысында жеке құрам іс жүзінде өз машықтарын жетілдірді. Взводтардың жауынгерлік атысы бойынша сабақ жетекшісі 1-барлау ротасының командирі  аға лейтенант Іскендір Берекет өзінің кәсіби дайындығы арқасында жеке құрамға нақты тапсырма қойып, олардың дұрыс іс-қимыл жасауына жағдай жасады. Ол бойынша, 1-барлау ротасының жауынгерлік атыстары барысында  2-барлау взводының командирі аға лейтенант Омар Қуаныш бастаған жеке құрам белгіленген жаудың көзін жойып, тұтқындарды қолға алып, маңызды құжаттарды иелену болатын. Осы жоспар бойынша  жеке құрамға берілген тапсырма толық орындалды.
Взводтардың жауынгерлік атыстарының қорытындысы бойынша 1-барлау ротасының 2-барлау взводы өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетті. Жалпы әскери бөлімдегі роталар арасында 1-барлау ротасы- жауынгерлік дайындық жағынан үздіктер қатарындағы бөлімшелердің бірі. Олай айтуға негіз де жоқ емес. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша жоғары басшылық тарапынан 99116 әскери бөлімінің осы 1-барлау ротасы «Ең үздік рота» деп танылған болатын.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"