Ұшқыштар оқу-жаттығу ұшуларын орындады

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары оқу-жаттығу ұшуларын орындады.

Ұшулар барысында ұшқыштар күндіз және түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда қарапайым және күрделі пилотаждың пилотаждау шеберлігін пысықтады. Нашар көрінушілік пен төменгі бұлт жамылғысы жағдайларында жас офицерлер ұшақтың ұшуы мен қонуы сияқты элементтерді, сондай-ақ әртүрлі биіктіктерде бұлтта пилотаждауды пысықтады. Ұшулар алдында ұшу құрамымен алдын ала аталған жағдайларда ұшу даярлығының барлық түрлері бойынша сабақтар өткізілді.
«Аталған кезеңде біз Су-27 және Су-30 СМ ұшақтарында күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуларға кіріскен алты жас ұшқышты дайындағанымызды атап өткен жөн. Оқу-жаттығу ұшулары бұл баршамыз үшін маңызды оқу кезеңі. Себебі, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету кез келген метеорологиялық жағдайларда жылдың кез келген мезгілі мен тәулігінде барлық қойылған тапсырмаларды орындау білімі мен машығына байланысты», - деп атап өтті 21751 әскери бөлімінің командирі полковник Асқар Ізбасов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"