Ұрпақты тәрбиелеу – басты мақсатымыз

Жас ұрпаққа білімді тәрбие беру, отбасындағы ата-ана берген тәрбиені   мектеп қабырғасында әскери тұрғыда ұштастыруда және  ұландарымыздың бойында болашақ Отан қорғаушысы қасиетін қалыптастыруда Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің орны ерекше.

Отыз жылдан аса тарихы бар Сабыр Рахымов атындағы білім ордасынан түлеп үшқан және қазіргі кезде шыңдалған, білім мен тәрбиенің қалыптасқан нәтижесінде жоғарғы жауынгерлік даярлық және мықты тәртіппен Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуына лайықты үлес қосып жүрген мақтан тұтар түлектері бар. Ата ұрпақ жалғасын тапқан бейбіт заманның қолбасшылары – генерал-майорлар Дәулет Оспанов, Дулат Адырбеков, Қаныш Әбубәкіровті нәтижелі әскери тәрбиенің дәлелі деп айтсақ болады. Жас ұрпаққа үлгі болар азаматтарды айта отырып, ұландардың санасында жігерлі мінезді оята отырып, болашаққа сеніммен қарауға болатындай.

Тәрбиеленушілерге – жас рахымовшыларға тәлім-тәрбие беретін тәрбиеші-офицерлер еңбектері ерекше. Тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың ертеңі жарқын болсын десек қазірден бастап жастарымызды отансүйгіштікке, патриоттық тәрбие беруге көңіл бөлуіміз керек. Жасөспірім бірден емес біртіндеп сарбаз, жауынгер, отан қорғаушы патриот болып қалыптасады. Бұл үрдістің өзі отбасындағы мектеп пен ұжымдағы түрлі ықпалдар жасау арқылы жүзеге асырылатыны сөзсіз. Сондықтан «баланы жастан» дейтін халық даналығын естен шығармайық және ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет ететініне еш күмәніміз болмасын.

 

Майор Ринат МАДИЯРОВ

Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"