Ұлттық қорғаныс университетінде Ұлттық ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде «Ұлттық қауіпсіздік пен қоғраныс» атты Ұлттық ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауы бойынша 2017 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жанында жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен «Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс» атты ғылымның жаңа басымдық бағыты ашылды. Қауіпсіздік пен қорғаныс саласында ғылыми жобаларды іске асыру бойынша шешім қабылдау мақсатында Ұлттық ғылыми кеңес құрылды. Оның құрамына Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, ұлттық компаниялар мен отандық қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері, еліміздің жетекші ғалымдары кірді. Кеңестің төрайымы ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, профессор, экономика ғылымдарының докторы Айгүл Төлембаева болып табылады. Әлеуетті құрылымдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы барысында зерттеудің негізгі бағыттары, оның ішінде, әскери қауіпсіздік пен әскери өнер, ақпарат қауіпсіздігі, құқық қорғау органдарының қызметі, лаңкестік пен экстремимзге қарсы іс-қимыл, барлау және барлауға қарсы қызмет, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, қару-жарақ пен әскери техника, әскери-ғарыштық технологияларды қамтамасыз ету зерттеулері айқындалды.
«Бүгін біз Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған конкурс бойынша берілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын гранттық және бағдарламалық мақсатты қаржыландыру жөнінде шешім қабылдау және талқылау үшін жиналдық. Кеңес қорғаныс пен қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулерді күшейту жағына елеулі өзгерістер алып келетініне сенімдімін. Бұл еліміздің қорғаныс қабілеттілігін арттыру мен қауіпсіздікті нығайтуға әкеп соқтырады», - деді кеңес төрайымы, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі, профессор, экономика ғылымдарының докторы Айгүл Төлембаева.
«Ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс» кеңесі қызметінің басталуы отандық ғылым тарихында жаңа парақтың бетін, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласында зерттеулерді жүргізу бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашатынын айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"