Ұлттық қорғаныс университетінде АӨІҚСШ құрылуының 25 жылдығына арналған халықаралық семинар өтуде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары (АӨІҚСШ) кеңесінің әскери-саяси өлшемінде ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөнінде практикалық жұмыстың басталуы туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігі халықаралық семинар өткізуде.

Іс-шараға Мысыр Араб Республикасы, Израиль, Катар, Моңғолия, Палестина елдерінің Төтенше және өкілетті елшілері, АӨІҚСШ мүше мемлекеттері әскери ведомстволарының 20-дан аса өкілі, ҚМ мен ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ АӨІҚСШ хатшылығының өкілдері, Қазақстанда аккредиттелген қорғаныс мәселелері жөніндегі әскери атташелер, Астана ЕҚЫҰ бағдарламаларының офисі, түркі елдерінің Парламенттік ассамблеясы (ТүркПА), Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы және АӨІҚСШ қадағалаушы елдері секілді халықаралық ұйымдар қатысуда. Семинар мақсаты АӨІҚСШ сенім шаралары тізбесінің әскери-саяси өлшемінде сенім шараларын іске асыру мәселелерін талқылау, Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Семинар барысында «АӨІҚСШ дамыту тарихының шолуы», «Қару-жарақты бақылау аясында халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асыруда Қазақстан Республикасының тәжірибесі туралы» және «АӨІҚСШ әскери-саяси өлшемінде сенім шаралары» сияқты бірқатар таныстырылымдар ұсынылды. 12 қазанда семинарға қатысушылар «Байқоңыр» ғарыш айлағына баратынын, онда оларға «Союз 2.1» ғарыш орбитальді зымыранның іске қосылуын тамашалау мүмкіндігі берілетінін айта кетейік.

 АӨІҚСШ-ның шақырылымы туралы идеяны алғаш рет 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқанын айта кету қажет. Бұл бастаманың қозғаушы күші Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тиімді және қолайлы құрылымды құру талпынысы болды. Әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда ол кезде Азияда мұндай құрылым болған емес, ал оны құрудың амалдары сәттілікке апарған жоқ. Аталмыш бастама дәл мұндай құрылым уақыт талабы болып табылатынына көздері жеткен бірқатар Азия мемлекеттерінің тарапынан қолдау тапты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"