Ұлттық дәстүр ұлықталды

Наурыз – Жаңа жылдың жаршысы, теңдіктің терезесі. Қыстан кейін жанымызды жадыратып, көңілге жылулық ұялатып, көктемнің лебін есетін бұл мереке – еліміз ертеден қастерлеген айтулы күн.


Ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Қостанай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де  жыл сайын ұдайы тойланып келеді. Осы жолы да Жаңа жылды департаментке бағынысты Қостанай қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен Рудный қаласының, Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері бірлесе отырып қарсы алды.
Мерекелік шара алдында Департамент бастығы полковник Сергей Кузнецов барлық жеке құрамды Наурыз мейрамымен құттықтап, көпұлтты мемлекетіміз үшін бұл күннің татулық, ауызбіршілігімізді тұрақтандыру үшін маңыздылығын атап өтті. Құттықтау соңында өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерге алғыс жариялап, арты салтанатты шараға ұласты.
Барша әскери қызметшілер ұлы мерекені ұлықтау үшін, өз өнерлерін барынша ортаға салуға тырысты, сондай-ақ бұл күні отбасы мүшелері де той-думан ортасынан табылды. Концерт  аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша байқау, ұлттық ойын жарыстары да көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар Қорғаныс саласында ұзақ жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Қарулы күштер қызметшісі Кенжеғұлова Гүлнар Қалиханқызы аға лейтенант Мәлік Реновтің баласының тұсауын кесіп, кішкентайға балдырған тұсаукесер жырын арнады.

Назгүл Шабдарова
Қостанай облысы Қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің
баспасөз қызметшісі
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"