Танк биатлоны сайысынан 8 танк экипажы сүрінбей өтті

10810 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылық құрылымдары арасында танк биатлонынан өтетін жарысқа қатысушы үздік танк экипажы іріктелді.

Іріктеудің қорытындысы бойынша 8 танк экипажы сынақтан сүрінбей өтті. Оның төртеуі Ресей Федерациясының «Алабино» полигонында ұйымдастырылған халықаралық танк биатлоны жарысында еліміздің Қарулы Күштерінің намысын бірнеше мәрте қорғаған. Мәселен, 2014 жылы ҚР ҚК Құрлық әскерінің үздік танк экипаждары - әлем чемпионатының фавориті болды. Қазақстан әскерилері екінші орынды ұтып алып, жеңіспен оралды. Экипаждың әрқайсысы чемпионаттың алғашқы кезеңінде-ақ алға шықты. Жеке жарыста 7 шақырымды үш рет айналып өтті. Одан кейінгі спринт, ізіне түсіп жарысу, спорттық жарыс, эстафета кезеңдерінде кәсіби даярлықтарын жан-жақты көрсетті. Жауынгерлік көлікті жүргізуден, түрлі қашықтықтағы нысаналарды жоюдан, танкіге қарсы өткелдер мен бөгеттерден өтуден де алдарына жан салмады. Қазақстанның Қарулы Күштері құрамасының шыңдалу шеберлігі, жауынгерлік машығы, кәсіби амалдар мен қимыл-әрекеттерді орындаудың жоғары деңгейі, ұйымшылдығы мен ұқыптылығы талайдың таңдайын қақтырды. 2015 жылғы халықаралық жарыста да көптеген шет мемлекеттердің жеке құрамалары ҚР ҚК Құрлық әскерінің үздік танк экипаждарының мықты бәсекелес екенін мойындады.

   Айта кетейік, биыл жазда Ресей Федерациясының аумағында өтетін әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016» бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша барлығы 23 байқау енгізіліп отыр. Қазақстандық құрама оның 21-іне қатысып, өзге мемлекеттердің Қарулы Күштерінің әскерилерімен бәсекеге түседі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"