«Үздік сержанттар» атағына байқау жарияланды

2018 жылғы 24 қыркүйек мен 29 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Үздік сержанттары (старшиналары)» атағына ІХ Бүкілармиялық байқауы ашық деп жарияланып және  бағыт-бағдарға және бағдарламаларға сәйкес өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Үздік сержанттары (старшиналары) атағына іріктелетін IX Бүкілармиялық конкурсы әскери-спорттық «ҚАЙСАР», әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша «БАРЫС» , атыс дайындығы бойыншы «МЕРГЕН», әскери топография бойынша «БАҒДАР», радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бойынша «ҚОРҒАУ» , әскери-медициналық дайындық бойынша «ДЕНСАУЛЫҚ» сайысы, әскери-кәсіби «БІЛІМПАЗ», әдеби-шығармашылық «СЕРІ», конкурсқа дайындық «ӘЗІРЛІК», сондай-ақ қарамағындағы сержанттар құрамын бағалау бойынша «ТОП БАСШЫ» сынды бірнеше сайыстардан тұрады.

Жаттығулар мен нормативтер осы бағдарламаға сәйкес орындалады.

Аталған байқауға 16 әскери бөлімнен 89 әскери қызметшілер қатарындағы ең үздік деген сержанттар қатысуда. Олар өз білімдері мен шынжырдай шымырлықтарын шыңдауда тактикалық, топографиялық, техникалық және байланыс дайындықтары, сондай-ақ, атыс және дене дайындығы бойынша әскери сабақтардан жоғары деңгейде білімдерін шыңдап, белсене қатысуда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Үздік сержанттары (старшиналары)» атағына ІХ Бүкілармиялық байқауының негізгі мақсаты сержанттардың бойында жеке дайындығын жетілдіру және олардың мәртебесін арттыру мақсатында жауапкершілікті, жылдамдық, төзімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру, кәсіби дайындығын жетілдіру, сондай-ақ сержанттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру және әскери қызметшілердің жетістіктерін және олардың алдыңғы қатарлы тәжірибесін насихаттау болып табылады.

Капитан Д.З.САҒАДУЛЛА

                                                                                                        

ҚР ҚМ Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы

 

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства