«Үздік сержант» анықталмақ

Сержанттардың жұмыс әдіс-тәсілдері мен озық тәжірибелерін жан-жақты тарату, жауынгерлік шеберлігі мен кәсіби дайындығының деңгейін одан әрі арттыру, олардың арасындағы жақсы бәсекелестік жағдайды қалыптастыру мақсатындағы «Үздік сержант» байқауына 44736 әскери бөлімінің сержанттары дайындалып жатыр.

   Байқаудың әскери бөлімдегі кезеңінен рота сержанты аға сержант Мерхат Жаналинов, взвод сержанты сержант Вячеслав Моор, бөлімше командирі сержант Дастан Сұлтанов өтті. Олар шілденің 9-13 аралығында өңірлік қолбасшылықтың көлемінде ұйымдастырылатын келесі кезеңге әзірлік үстінде. Бөлімнің 2017 оқу жылындағы қорытындысы бойынша үздік атанған аға сержант Мерхат Жаналинов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы Қашағановтың қолынан мақтау грамотасын алған болатын. Енді сержанттар «Ротаның үздік сержанты», «Взводтың үздік сержанты», «Бөлімшенің үздік командирі» атану үшін бар мүмкіндіктерін ортаға салмақшы. Ал, өңірлік қолбасшылық сынағынан сүрінбей өткендер ҚР ҚК Құрлық әскерлері деңгейіндегі байқауға жолдама алады.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"