Үздік сержант анықталды

Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусында Қарулы Күштердің үздік сержанты атағы үшін VІІІ Бүкілармиялық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауға қатысу үшін Қарулы Күштер түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлері, бас басқармалар мен әскери оқу орындары ауқымында өткізілген байқаулардың жеңімпаз сержанттары (старшиналары) тартылды. Бұдан бұрын өткізілген байқаулардан бұл сынақтың басты ерекшелігі Бүкілрамиялық байқау тарихында алғаш рет өзге мемлекеттік ведомстволардың өкілдері қатысты. Сонымен, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің намысын 6 сержант, ал ҚР Ұлттық ұланын 4 бақылаушы қорғады. Барлығы байқауға еліміздің түкпір-түкіпірінен 16 командадан құралған 75 сержант, оның ішінде, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінен 6 қатысушы қатысты. Байқау алты номинантты айқындады. Атап айтқанда, «түрдің, әскер тегінің, өңірлік қолбасшылықтың үздік сержанты», «үздік бригада сержанты», «үздік батальон сержанты», «үздік рота сержанты», «үздік взвод сержанты» және «үздік бөлімше сержанты» (танк, жауынгерлік машина, есептоп, қондырғы). Қорытындыны байқау комиссиясы шығарды. Сапалы төрешілік етуді тәжірибелі офицерлер мен сержанттар қатарынан Бас штабтың тағайындалған комиссиясы қамтамасыз етті. Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. «Үздік өңірлік қолбасшылық, әскер тегі сержанты» аталымында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанты штаб-сержант Ғалымжан Тәукебаев жеңіс тұғырынан көрінді. «Үздік бригада сержанты» 14776 әскери бөлімінің сержанты 2-сыныпты сержант Жанат Бешалин, «үздік батальон (дивизион) сержанты» 35748 әскери бөлімінің сержанты 3-сыныпты сержант Мақсат Жақсыбек, «үздік рота сержанты» атағын 75488 әскери бөлімі ротасының сержанты аға сержант Самат Абайұлы, «үздік взвод сержанты» атағын 41433 әскери бөлімінің взвод сержанты Ермек Зайлаги және «үздік бөлімше командирі» атағын 44736 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Арнат Нәметов иемденді. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанттары, екінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сержанттары және үшінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің сержанттары еншіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың жыл сайын өткізілуі сержанттар құрамының кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырады, сайыскерлік рухын арттырады, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінде сержанттар құрамының дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда конкурсанттарда сайыстың барлық түрлері бойынша анағұрлым жоғары нәтижелер байқалады. Қоян-қолтық ұрыс бойынша техникалық дайындық деңгейінің артуы көрініп тұр. Бүкілармиялық байқауда үздік сержант атағын иеленген әрбір жеңімпаз - өз ісінің нағыз кәсіпқойы деп сенімді түрде айтуға болады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"