«Үздік сержант» анықталатын болады

«Үздік сержант» атағына арналған бұл жалпыармиялық байқау 6 аталым бойынша өткізіледі. Өңірлік қолбасшылықтың (әскер тегінің, Қарулы Күштер бас басқармасының) үздік сержанты, бригаданың (базаның) үздік сержанты, батальонның (дивизионның) үздік сержанты, ротаның (батареяның) үздік сержанты, взводтың үздік сержанты, бөлімшенің (танктің, жауынгерлік машинаның, есептоптың, қондырғының) үздік командирі.

Сержанттар «Қайсар»  - әскери-спорттық сайыс, «Барыс» -  армиялық қоян-қолтық ұрыс, «Мерген» - атыс даярлығы, «Бағдар» - әскери топография бойынша сайыс, «Білімпаз» - әскери-кәсіби сайыс, «Сері» - көркем әдебиет сайысы, «Әзірлік» және бағынысты сержанттар құрамының дайындығын бағалау «Топ басшы» номинациясы бойынша бақ сынасады. Конкурсқа барлығы 90-нан аса адам қатысады.

Байқау жеңімпаздарын анықтау барлық жаттығуларды (нормативтерді, тапсырмаларды) орындау барысында жиналған барынша ұпай саны негізінде жүзеге асырылады. «Жалпы армиялық конкурс жыл сайынғы болып табылады. Биылғы жылы 7-ші рет өткізіліп отыр.  Бүгін «Қайсар» әскери-спорттық жарысын өткіздік. Оған 100 метрге жүгіру, белтемірге тартылу, дәлдікке Ф-1 гранатасын лақтыру, сондай-ақ, «Әзірлік» пен «Білімпаз» байқаулары кіреді», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сержанты штаб-сержант Болат Жайсанбаев.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздік сержанты атағы үшін байқау жеңімпаздары сертификаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, оларға жоғары лауазымға ілгерілеу артықшылығы беріледі. Жалпы армиялық байқауға әзірлікті қамтамасыз ету үшін орындарда оқу жылы бойы Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері, өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері мен түрлері ауқымында үздік сержанттарды айқындау үшін кезең-кезеңдік сайыстар ұйымдастырылып, өткізілетінін айта кетейік. 
Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"