Үздік нәтижелер көрсетті

44841 әскери бөлімінде батальон сержанттарымен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері роталарымен командирлік даярлық жиыны ұйымдастырылып өткізілді.

Оқу барысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе шабуылына қарсы қарсы қорғаныс әскерінің штаб-сержанты Рүстем Мұсамбаев ұйымдастырып өткізген сержанттар жауынгерлік даярлық пен әскери тәртіпке қатысты проблемалық мәселелерді шешуге белсенді қатысып, әскерлердің күнделікті және қызметтік іс-әрекеті, сержанттар құрамының бағыныштыларды оқыту және тәрбиелеу бойынша офицерлермен өзара іс-қимылы тәжірибесімен алмасты.

Командирлік даярлықтың нәтижесі бойынша үздік нәтиже көрсеткен сержанттар қатарында 10952 әскери бөлімінің 3-ші сынып сержанты Н.Мейірманов, 44803 әскери бөлімінің 3-ші сынып сержанты Ж.Дияров, 97617 әскери бөлімінің 3-ші сынып сержанты О.Сандыбеков, 97616 әскери бөлімінің 3-ші сынып сержанты Е.Есеғұлов, 97617 әскери бөлімінің 2-ші сынып сержанты Б Күзембаев, 44813 әскери бөлімінің аға сержанты А.Тұрашев бар.

Командирлік даярлықты өткізу барысын тексеру үшін келген шебер-сержант Руслан Баймұханов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сержанттық құрамы батальондар мен роталар санаты басшы рөлінде сабақ өткізу үшін дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, 44841 әскери бөлімінде өткізілген батальон сержанттарымен, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері роталарымен командирлік даярлық жиынында 44841 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 3-ші сынып сержанты С.Хасымов, аға сержант Т.Өмірзақов, сержанттар Б.Елеусізбай, Р.Жүсіп, Р.Үйсінбаев, кіші сержант Қ.Бердіқожа белсенді үлестерін қосты.

Жиын соңында 44841 әскери бөлімі мәдени орталығының бастығы капитан Талғат Карикеновтың ұйымдастыруымен ҚРҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскері сержанттар жиынына арналған шағын концерттік бағдарлама өткізілді.

 

Азаматтық персонал А.НҰРСЕЙІТОВА

44841 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"