Үздік жетістікке жеткен сержанттар

Таяуда Құрлық әскерлері Әскери институты сержантының ұйымдастыруымен сержанттық кеші өтті. Номинациялар бойынша кеште үздік жетістіктерге қол жеткізген сержанттар марапатталды.

Ұйымдастырылған шараға батальон, рота, взвод сержанттары және сержанттар құрамымен жұмыс қызметінің  нұсқаушы-сержанты  жұбайларымен шақырылды. Ол кеште сержанттар құрамы жанұяларының мүшелерімен жұмыс жүргізілді.
Іс-шара Құрлық әскерлері Әскери институтының сержанттар құрамының Әнұранына айналған «Сері жігіт – сержантпыз» әнімен басталды.
Сержанттардың күшімен бұл кеште әндер айтылды, ойындар ұйымдастырылды, қызықты қойылымдар қойылды. Олардың күнделік қызметі туралы фильмдер көрсетілді. Жанұялармен дуэт болып ән шырқағандар да болды. Әсіресе, Б.Орашбековтің жұбайы Жұлдызаймен, Д.Әбдіқалықовтың жұбайымен және кішкентайлары Нұрәлі, Ақеркемен айтқан әндері көптің көңілінен шықты. Роталардың арасында бірнеше номинацияларда сайыстар өткізілді.
Сержанттық балдың қорытындысын тағайындалған қазылар алқасы:  институт сержанты 1 сыныпты сержант Ілияс Хабдулданов, Айсара Айтбаева, нұсқаушы-сержант 2 сыныпты сержант Марат Бакишев,  Мира Бакишевалар шығарды.
Нәтижесінде, 1 курсанттар батальон ұжымы мықты, ұйымшыл екені айқындалды. Номинациялар бойынша кеште үздік жетістіктерге қол жеткізген сержанттар марапатталды. Сонымен ән байқауында «Үздік әнші» боп  3 сыныпты сержант Б.Орашбеков, "Ынталы ойыншы" - 2 сыныпты сержант М.Ескендыров, "Үздік биші"- аға сержант Е.Телеуов, "Ең үздік ұжым" болып 2 курсанттар ротасы танылды. Олар кубокпен және грамотамен марапатталды.
Ал 3 сыныпты сержант Д.Әбдіқалықовтың жанұясы "Ең үздік жанұя" аталып, олар да грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ "Ең үздік қонақ" - М.Бакишева, "Ең белсенді қатысушы" - 3 сыныпты сержант М.Кошкаров атанып, олар да сыйлықтардан кенде болмады.
Институт сержанты «ҚР ҚК әскерлері кәсіби деңгейлері жоғарылай берсін, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсарып, жанұяларыңызда бірлік пен бақыт болсын» деген сөздерімен кешті аяқтады.

1 сыныпты сержант Ілияс ХАБДУЛДАНОВ
Құрлық әскерлері Әскери институты
сержанты

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"