Үш мыңнан астам азамат аттандырылады


Биыл Алматы облысынан 1992-2001 жылы туылған 3 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақырылады деп жоспарланған. Соның 2000-ға жуығы осы көктемгі шақырылымда әскер сапына алынады.

Наурыз айының 14-інен бастап жас сарбаздардан құрылған алғашқы топ әскери борыштарын өтеу үшін тиісті әскери бөлімдерге аттандырыла бастайды. Бұл туралы Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Талғат Дәулетханов мерзімді әскерге шақыру мәселелері бойынша өткізілген нұқсаулық-әдістемелік жиында айтып өтті.

Жиынға медицина және шақыру комиссиясының төрағалары, жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары, Талдықорған гарнизонының әскери прокуратура, ҰҚКД және Полиция департаментінің, сондай-ақ әскери бөлімдердің өкілдері қатысты.

Өз кезегінде ҚІД бастығы подполковник Талғат Дәулетханов шақыру міндеті жүктелген мамандардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«ҚР Қорғаныс министрінің 2019 жылға қойылған талаптарының бірі қазақстандық армияны сапалы жасақтау болып табылады. Осыған сәйкес, әскерге шақыру жұмыстарын сапалы әрі тиянақты жүргізуді басты назарда ұстау қажет. Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың денсаулығы мығым, физикалық дайындығы күшті әрі ерік-жігерінің мықты болуы қатаң қадағалансын», - деп ерекше атап өтті ол.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы, мерзімін кейінге қалдыруға және әскерден босатылуға құқы жоқ азаматтар қабылданады. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны 4 ай бойы жүргізіледі, яғни маусым айының соңына дейін жалғасады.

 

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"