Үндістанның әскери өнер аудиториясы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Үндістан Республикасы Қарулы Күштері әскери өнер аудиториясының ашылу рәсімі болып өтті.

Әскери өнер аудиториясын Үндістан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Бипин Рават пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров салтанатты жағдайда ашты. Аудитория қазіргі заманғы мультимедиялық кешенмен жарақтандырылған. Бұл жердегі жаңашылдықтың бәрі оқу процесін ұйымдастыруға жаңа қырынан келуге және тыңдаушылар мен ұстаздар үшін сабақты шығармашылық жағдайда өткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.Мұхтаров өз сөзінде: «Бұл аудитория халықаралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, дәрістер және келіссөздер өткізуге таптырмас алаң болғалы тұр. Аудиторияның ашылуы біздің қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайтуға жасалған тағы бір қадам болып табылады», - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде бұған дейін Қытай Халық Республикасының, Америка Құрама Штаттарының және Түрік Республикасының аудиториялары ашылғанын естеріңізге саламыз.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"