Үлгілі үй, жарасымды жанұя

Үлгілі үй, жарасымды жанұя

Үлгілі отбасы- ұлттың ұйытқысы, үлгілі үй – қоғамның айнасы. Әр отбасының үйіне қарап, тірлігін тануға болады.  

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 31767 әскери бөліміндегі зымырандық – артиллериялық қару-жарақ қызметінің бастығы майор Марат Құдайбергенов пен жұбайы қаржы қызметінің аға маманы кіші сержант Әсел Баекенова адал қызметтерімен үлгілі болған әскери отбасы.
Он жылдан бері отбасылық құндылықты берік сақтап келе жатқан жұбайлар әскерилерге тән тәуліктік нарядқа түсіп, қызметтік іссапарларға шығатындарына қарамастан, гүлдей жайнап өсіп келе жатқан қос қызын тәрбиелеп, олардың бойына қыз балаға тән асыл қасиеттерді қалыптастырып келеді.
«Жұбайым екеуіміз де әскери адам болғандықтан, үйде де темірдей тәртіп болғанын қалаймыз. Үлкен қызым Аружан Семей қалалық Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін көпбейінді гимназияда 6-сынып оқушысы, оқу озаты, балабақшаға баратын Айзере айтқанды тез қабылдайтын алғыр болып өсіп келеді»,-дейді отағасы зор мақтанышпен.
Отағасының сөзін қостаған Әсел Медетқанқызы: «Жолдасыммен таныстырған да, табыстырған да осы  –  әскери сала. Мен қаржы қызметінің маманы болғандықтан, жұмысым жеңіл деп айта алмаймын. Жұбайым екеуіміз үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетіп отырамыз. Сенім мен сезім бар жерде ғана кез келген отбасы үлгілі үй бола алады»,- деп өз ойын білдірді.
Әскери қызметтің ыстық-суығына төзіп, бақытын еңбектен тапқан Құдайбергеновтер отбасын үлгілі үй, жарасымды жанұя деп атауға толық негіз бар.


Нұрсәуле МҰҚАЖАНОВА
31767 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений