Тұңғыш Президент күні аталып өтті

       Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты митинг өткізді.

Көк байрағымыз көтеріліп, мемлекеттік ән ұранымыз орындалғаннан кейін институт басшысы полковник Асқар Мұстабеков жеке құрамды жаһандық экономикада саяси реформа енгізіп, тәуелсіздігіміздің діңгегін қалаған Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Мерекелі күнге орай, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен курсанттарға кезекті әскери шендер, марапат қағаздары және алғыс жариялады. Митингтен кейін Қазақстан эстрадасының жарқын жұлдыздары, «Салтанат» би ансамблі және Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің қатысуымен институтымыздың мәдени демалу орталығында керемет концерт қойылды.    

      Мереке алдында 4 курсанттар батальонының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубтары арасында институт чемпиондарын анықтады. Көңілді тапқырлар клубы сайысында 2-ротаның «Өзіміздің жігіттер» командасы институт чемпионы атанды. Ал 2-курсанттар батальонының ұйымдастыруымен «Өшпес рух» атты дәстүрлі курсанттар спорттық сайысының ашық біріншілігі өтті. Курсанттар командалық топқа бөлініп, әскери қоянқолтық ережелерін көрсету, білтемірге тартылу, әскери эстафета, арқан тарту сынды байқауларда бақтарын сынады. Осы сайыста ұжымдық бірліктерін танытқан командалық есепте 1 орынды 5-рота, 2 орынды 10-рота, 3 орынды 3-рота курсанттары жеңіп алды. Жеңімпаз командалар грамоталармен және ауыспалы кубокпен марапатталды.

Е.Әлібаев

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"