Тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика клубы ашылды

Өскеменде Қазақстандағы тұңғыш кәсіби жеңіл атлетика клубының тұсаукесер рәсімі өтті. Оның құрамына әлемдік деңгейдегі жеңіл атлеттер мен Олимпиада чемпионы және «Гауһар лигасының» екі дүркін жеңімпазы, АОСК спортшысы Ольга Рыпакова енді. Рыпакова сондай-ақ клубтың көшбасшысы болды.

«Altay athletics» атты клуб мүшелерінің қатарында, сонымен қатар найза лақтырудан Қазақстанның жас көшбасшылары Артур Гафнер мен Варвара Назаровалар бар. Бұдан бөлек, кениялық төрт кроссмер - Каролин Чипкоич Кипкируи, Дэйзи Джипкемей, Шэдрак Кимутаи Коич және Тануи Нора Джируто алтайлық атлеттер сапынан табылды.  
Осы уақыт ішінде атлеттер әлемнің беделді жарыстарына қатысып, жүлделі орындармен қанжығаларын майлап үлгерді. Мәселен, 5 мың метр қашықтықта Каролин Кипкируи қыркүйекте өткен «Гауһар лигасы - 2017» додасының күміс медалін иеленсе, 22 жастағы Нора Джируто ISTAF Берлин классикалық турнирінде кедергілермен 3 мың метрге жүгіруде 3-орын алды. «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубы 94 жылдық тарихы бар еуропалық LC Zurich клубының үлгісінде жасалды. Ал менеджер міндеті 30 жылдан астам уақыт бойы үздік халықаралық спорт ұйымдарында қызмет еткен Гвидо Тоньониға тапсырылды.  

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"