Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді


    Жақында Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында  жиналыс өткізілді. Оған СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары қатысты.

Өткізіліп отырған жиынның басты мақсаты – әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдарға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және жеке құрам арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуді бойына қалыптастыру.

         Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары С.Е.Шумеев және Ішкі істер басқармасының тергеушісі Ж.Т.Сәбиев қатысып, өз салалық бағыттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Сыбайлас жемқорлықпен күресу  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғана міндеті емес. Онымен қоғам болып күресу керек. Яғни, әскери қызметшілер де – қоғамның мүшелері. Ал, қоғамның кез келген мүшесі бүгінде қоғамдық дертке, парақорлыққа төзбеуі керек. Әскери қызметшілердің  пікірі әрқашанда осындай болуы тиіс.

         Жиын барысында сыбайластық қылмысын жасағандардың жазасы қандай болатыны туралы бейнетүсірілімдер көрсетіліп, әскери қызметшілер мен департамент мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп Кодексі талқыланды.

         Жалпы жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет. Сыбайлас жемқорлық мәселесі қашанда Елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында "Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу - жалпы ұлттық міндет", - деген болатын. Сондықтан сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізу оң шешімін табады және де әрбір азамат осы мәселеге аса мән бергені абзал.

         Жиын соңында, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Тілеуханов жеке құрамға әскери қызметте және қызметтен тыс уақытта қоғамдағы тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын ұстануға, ешқандай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы заңдардың мүлтіксіз сақталуын және Қарулы Күштер қатарын толықтыратын күзгі жас әскерге шақырушылардың сапалы жасақталу мәселесінің маңыздылығын баса назар аударып айтты.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства