ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Түлектер магистрлік диссертация қорғады

Түлектер магистрлік диссертация қорғады

Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштері Бас штабы Академиясы факультеті түлектерінің магистрлік диссертацияны қорғауларын тыңдады.

Әскери ведомство басшысы жедел, жедел-стратегиялық және әскери басқарудың стратегиялық буыны органдарында аталған жұмыстардың әрі қарай іс жүзінде қолданылуы жөнінде бірқатар талаптарды белгілеп, магистрлік диссертацияның практикалық бөлігіне баса назар аударды. Диссертация тақырыптары Қарулы Күштердің дамуының заманауи үрдісі мен оларды қолдану тәртібін негізге ала отырып таңдалды. Мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамына Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштері Бас штабының басшылық құрамы және университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы кірді.

Қазіргі уақытта Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстанның әскери білім беру көшбасшысы бола отырып, оның ішінде, тыңдаушылар мен оқытушылардың ұтқырлығын, барлық деңгейдегі сабақтастық пен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сатыларын қамтамасыз ету жөнінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда озық оқыту әдістерін қолданатынын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"