ҚР Әскери-теңіз күштері «Адмирал» жаңа катеріне ие болды

Ақтау теңіз портында Армия халықаралық ойындары шеңберінде Махачкалада теңіз биатлоны бойынша сайыста екінші орынды еншілеген «Сарыарқа» және «Орал» зымыран артиллериялық корабльдерінің экипаждарын салтанатты түрде қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Ресей Федерациясының су айдынынан жеңіп алынған «Адмирал» катерімен оралды.
ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері шілденің 21-і мен тамыздың 17-і аралығында Ресей Федерациясының су айдынында болды. Былтырғы жылы Қазақстанның теңізшілері екінші орынды иеленіп, БЛ-80 катерін ұтып алғанын айта кетейік. Теңізшілерді салтанатты түрде қарсы алу ҚР ҚК ӘТК туының көтерілген күнінің 20 жылдығымен атап өтілді. Әскери теңізшілер үшін бұл күн атаулы күндердің бірі болып табылады.
Осы күнге орай, соғыс, Қарулы Күштер ардагерлері, оқушылар мен студенттер үшін 29011 әскери бөлімінде экскурсия ұйымдастырылып, жаңа әскери техниканың көрсетілімі ұйымдастырылды.  «Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы Каспий теңізінде Әскери-теңіз туын әрі қарай абыроймен көтеруді жалғастырып, оларға қойылған оқу және жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін барлық күш-жігерлерін салатынына  кәміл сенімдімін.
Әскери-теңіз туының көтерілуінің 20 жылдығымен тағы бір мәрте құттықтап, дәстүр бойынша сапарларыңыз сәтті болсын», - деп запастағы контр-адмирал Кенжемерген Әбікеев өзінің лебізін білдірді. 20 жыл бұрын Ақтау қаласының 4-ші ықшам ауданында 1-дәрежелі капитан Р. Исламов Тәуелсіз Қазақстанның әскери-теңіз туын алғаш рет көтергенін естеріңізге сала кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"