Төрткүл дүниені тоғыстырған таңғажайып көрме

Маусымның 9-ынан бастап төрткүл дүниені тоғыстырған таңғажайып көрме қазақ жерінде өтіп жатыр. Әлемнің 115 мемлекеті мен 18 халықаралық ұйымы қатысып жатқан шара барысында әлем елдері экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және өзге де қоғамдық салалардағы жетістіктерін Астана төрінде паш етпек.

«Ел мен өркениетті жалғайтын алтын көпір»

 9-маусым күні кешкісін Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күнмен баршаны құттықтады. Сондай-ақ, Президент Қазақстанның ЭКСПО көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырғанын, тәуелсіз Қазақстанның символы – Астана нағыз ХХІ ғасыр қаласы ретінде жаңа қырынан танылатынын  айтты.  «ЭКСПО – ғылыми жаңалық қана емес, ол барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір» деген ол осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден бері бұл шара ұдайы жаңа идеялар бесігі болып келе жатқанын атап өтті.

«Сол игі үрдісті жалғастырған Астана әлемдік инновациялар орталығының бірі ретінде танылады деп сенемін. Қазақстан көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін жан-жақты дайындалды. Алдыңғы қатарлы технологиялық инфрақұрылым, дербес энергиялық жүйесі бар ЭКСПО қалашығы салынды.

Жүзден астам сәулетті ғимарат бой көтерді. Астананың әлеуметтік саласы да даму жолында тың серпінге ие болды. Қалада жаңа әуежай, жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер, мәдени ойын-сауық кешендері салынып ашылды. Осының бәрі ЭКСПО-дан кейінгі елдің ортақ игілігіне қызмет ететін болады», деді Н.Назарбаев.

 Негізгі нысан – «Нұрлы әлем»

 Жалпы аумағы 174 гектар жерді алып жатқан 35 нысаннан тұратын ЭКСПО қалашығын шын мәнінде болашақтың қаласы деуге болатындай. Көгілдір түсті шыныдан тұрғызылған сәулет өнерінің қайталанбас туындыларын көзбен көріп, көңілмен сезінгенде қиял-ғажайып шығармалардың сюжетіне азық болған шытырман оқиғалардың арасында жүргендей күйге түсеріңіз анық. Қалашық орталығында орналасқан алып шар бейнесіндегі «Нұрлы әлем» – көрменің ең басты және негізгі нысаны.

Иә, Астананың, жалпы Қазақстанның болашақ бренді де осы алып шар бейнесіндегі «Нұрлы әлем» болатын сияқты. Қазірдің өзінде ол отандастарымызды былай қойып, шетелдік журналистердің тамсана айтатын әңгіме өзегіне айналып үлгергендей. Аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын, диаметрі – 80, биіктігі 100 метрлік ғимарат шар тәрізді нысандардың әлемдегі ең алыбы болып табылады. Бұл қайталанбас сәулет өнерінің туындысы осынысымен-ақ тарихтан өзінің лайықты орнын алған секілді.

Сегіз қабаттан тұратын сфераның әр қабаты әртүрлі тақырыптарға арналған.

Ең жоғары қабатында 2050 жылғы болашақ Астананың бейнесі макет түрінде бар сәулеті мен сәнін алдыңызға тартады. Онда бүкіл ЭКСПО қалашығы көлемінде болып жатқан әдемі көріністерді тамашалауға мүмкіндік беретін арнайы шолу алаңдары бар.

Жетінші қабат ғарыш қуатына арналса, алтыншы қабатта күн қуатын алу мен пайдаланудың келешек көкжиегі көрініс тапқан, бесінші қабат бүгінде жиі қолданылып отырған жел қуаты технологиясына арналса, төртінші қабатта биоэнергетиканың мүмкіндіктері таразыланады, үшінші және екінші қабаттарда жер қуатының мүмкіндіктеріне де ой жүгіртіледі.

«Нұрлы әлемге» кіріп, ол жайында толық ақпарат алып, аралап шығу үшін кем дегенде 3-4 сағат уақыт жұмсауға тура келеді екен. Ал, жалпы халықаралық көрмені аралап, ол туралы толыққанды ақпарат алып, көрменің мақсаты мен мәнін түсіну үшін 3-4 күн қажет. Қазақстанның ғана емес, барша әлемнің болашақ энергетикалық әлеуетін көз алдыңызға әкелетін айтулы көрмені атүсті қарап, асығыс шола салмай, мәні мен маңызын тереңірек түйсіну, болашақ дамуымыздың мүмкіндіктерін жан-жүрегіңмен шынайы қабылдау қажет болары анық. Көрменің ашылу салтанаты өткен Конгресс-орталығы мен амфитеатр, қалашық маңындағы алып мега ойын-сауық орталығы және медиаорталық – бәрі де ең соңғы сәулет өнерінің ғажайып үлгілерімен салынған көркем ғимараттар. Ал, көрменің негізін құрайтын павильондар сфераны қоршай орналасқан.

Көрмеден отандық ғалымдардың үздік жобаларын, Елбасының энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы бастамаларын, «Жасыл экономиканың» республика аймақтарында жемісті жүзеге асырылған жобаларымен танысуға мүмкіндік бар. Егер Қазақстан павильонында көрермен табиғаттың тылсым күшінен туған барлық жаңғыртпалы энергия түрлерімен танысатын болса, тақырыптық павильондарда меймандарымыз энергия эволюциясын, оның бүгіні мен болашағын танып-түсінуге, 21-ғасырдың энергетикалық қиындықтарын байқауға, технологиялық және зияткерлік жетістіктерді елестетуге, планетамызға орасан зор әсер ететін энергия тұтыну мәселесін көруге мүмкіндік алады.

 Өзге танымал павильондар

Бүгінгі күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі келушілер арасында ең танымал павильондар белгілі болды. Бұл туралы көрменің бір айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Халықаралық қатысушылар жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов мәлім етті. «Танымал павильондарға қатысты айтар болсақ, тұрақты жариялап келе жатқан бұл рейтинг айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

Келушілердің арасында жоғары танымалдық ие павильондардың қатарында Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан және Оңтүстік Корея елдері бар.

Келушілердің топ елдерінің осынау рейтингісіне Африка павильонының да қосылуы қуантарлық жайт», -деді Ілия Оразақов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта көрмеге келушілердің Африка өңірінің экзотикалық елдеріне де зор қызығушылық таныта бастағандығы байқалады.

Айта кетерлігі, бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов 1 айдың ішінде«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін 920 мыңнан астам келуші тамашалағандығын айтқан болатын.

Келушілер қатары еселенуде

 Халықаралық көрменің баспасөз қызметінің мәліметінше, 19-25 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны – 168 675 адам. Яғни күніне орташа есеппен 24 069 адам аралаған.

«Бастапқы 9 күнде 205 561 адам немесе күніне 22 840 келуші тіркелді. Атап

айтқанда, 10-25 маусым аралығында - 374 236, ал 27 маусымдағы жағдай бойынша 425 377 адамға жетті. Сонымен қатар 10-27 маусымда көрмеге келіп кету  көрсеткіші   2 774 527-ні құрады», дейді олар.

Ал, шілденің ортасында 27 жастағы Астана тұрғыны, мамандығы мұғалім «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің миллионыншы келушісі атанғаны бәрімізге мәлім.

Жалпы, халықаралық көрмені тамашалауға үш айдың ішінде Астанаға 5 миллиондай адам келеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде 1,2 миллион билет сатылыпты.

  «Жасұландықтар» да қалыс қалмады

Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент шаһарында шоғырланған үздік және жақсы деген бағаға оқитын «Жас ұлан» республикалық мектебінің 13 ұланы мен бірқатар әскери қызметшісі Астанаға арнайы ат басын бұрды. Осы өтіп жатқан көрмені көзбен көріп, көңілге түймек ниетте келген олар елордадағы армия генералы, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне орналастырылды.

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалау барысында қатысушылар әлемнің жетекші елдерінің павильондары мен таза қуат көзін қалпына келтіру аясындағы тың технологиялар мәселелері жөніндегі ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктеріне куә болды.

Алған әсерлерімен бөліскен 10-сыныптың ұланы Шыңғыс Махатов: облысымыздың басшылығы бізге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуге және осындай әлем көз тіккен ауқымды көрмені тамашалауға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Бізге білдірген сенім мен үкілеген үмітті ақтауға тырысамыз, талмай еңбек етіп, білім нәрін сусындап, әскери ғылымның жілігін шағатын боламыз», - дейді.

Бұл көрмеге арналған билеттерді Дариға Назарбаеваның жетекшілік етуімен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Жас ұлан» республикалық мектебіне барған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ұсынғанын айта кету қажет.

 Болашақтағы – мақсат

Бұл айтулы шараны елімізде өткізу үшін, яғни ЭКСПО қалашығын салуға 400 миллиардтан астам теңге қаржы жұмсалыпты. Доллар бағамына шақсақ, 1,3 миллиард доллар. «Қыруар қаржы жұмсап салынған ғимараттар болашақта қандай мақсатқа пайдаланылады?» деген сауалға «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов қайталанбас сәулет ерекшеліктерімен салынған көрме ғимараттарына қызығушылықтың жоғары екендігі, оған ұсыныстар түсіп жатқандығы, соған орай бұл нысандардың бәрі болашақта ел пайдасына жарайтындығы жайында айтып берді. Мәселен, алып сфера – «Нұрлы әлем» сол қалпында еш өзгеріссіз музейге айналдырылмақ. Мұндай тәжірибе әлем елдерінде бар екенін айта кеткен артық болмас.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"