Теңіздегі бір күн акциясы өтті

Теңіздегі бір күн акциясы өтті

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Ақтау қаласындағы Халықаралық зияткерлік даму академиясының  дарынды балаларына «Орал» зымыран-артиллериялық корабліне бару ұйымдастырылды.

Оқушылар «Орал» зымыран-артиллериялық корабліне барып, Әскери-теңіз күштеріндегі қызметпен танысты. Олардың назарына теңізшілердің күнделікті тыныс-тіршілігі, оның ішінде, жауынгерлік оқулары мен қару-жарақтың қызмет көрсетілуі ұсынылды.  Корабль командирі капитан-лейтенант Асқар Қапашев  акцияға қатысушылармен әңгіме жүргізді. Оның барысында болашақ Отан қорғаушыларға Әскери-теңіз күштеріндегі қызметтің келешегі туралы айтып беріп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.  Қонақтармен «су ішу» салтанатты рәсімі өткізілді. Ал акция аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.  «Бүгін біз әскери теңізшілеріміздің күнделікті қызметімен етене таныстық. Бұл өте қызықты, еліктірер және романтикаға толы», - деп академия тәрбиеленушісі Әлихан Тоқтамыс атап өтті.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений