Теңіз биатлонына дайындалу үшін «Орал» кораблі теңізге шықты

Док жұмыстарынан кейін «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі Теңіз биатлоны-2016-ға дайындалуға кірісті. Корабль «УТЕС» оқшашарынан жаттығуларды орындау үшін корабль командирі аға лейтенант Асқар Қапашовтың басшылық етуімен теңізге шықты.

Жауынгерлік бөлімнің жеке құрамы жүзбелі миналардың сұлбалары бойынша оқ атты. «УТЕС» оқшашарынан практикалық оқ атулардың өткізілуі теңіз биатлонын дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатынын айта кетейік. Практикалық оқ атулар жеке құрамның дағдысы мен машығын жетілдіруге мүмкіндік береді.  Практикалық оқ атуларды өткізу кезінде жеке құрам жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, «УТЕС» оқшашарынан ұрысты жүргізу шеберлігі мен дәлдігін ұштады. «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі теңіз биатлоны бойынша  сайыстарда негізгі корабль болып табылуына байланысты жеке құрам үшін дайындық алдағы халықаралық байқау алдында ерекше жауапты болды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде «Каспий кубогы – 2016»  (теңіз биатлоны) халықаралық теңіз байқауына қатысады. Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер де белгіленіп қойды. Негізгі корабль «Орал» зымыран-артиллериялық кораблі, қосалқы – «Сарыарқа» кораблі. Корабль экипаждарының саны 33 адамды құрайды.  Өткен жылы ҚР ҚК ӘТК-нің командасы «Каспий кубогы» байқауына алғаш рет қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің команда бірінші орынды иеленіп, күміс медальдардың жиынтығы мен «БЛ-680» жылдам жүретін қайықтың иегері атанды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"