Тарих – таным көкжиегі

Тарихқа көз жіберсек, қазіргі ықшам әрі жасақталған, ұрысқа қабілетті заманауи әскеріміз өсіп-өркендеу жолында түйткілді мәселелерін артқа тастап, оң шешімдер мен ілгері істердің арқасында бүгінгіге жетіп отырғанын аңғаруға болады.

Құқықтық негізі құрылды

Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды мәселе  –егемен ел Армиясының нормативтік-құқықтық негізін құру-тын. Жаңа мемлекеттің жаңа Армиясының нормативтік-құқықтық базасын жасаумен бір уақытта ұлттық Қарулы Күштердің бейнесі мен құрылымын, олардың басқару органдарын қалыптастыруда тынымсыз жұмыс жүргізілді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде болды. Мәселен, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы Әскери доктринасы ұжымдық түрде дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды. 

Одан кейінгі жылдарда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілген екінші Әскери доктринаның базисіне айналды. Нақ сол кезде алғаш рет Қарулы Күштерді елдің жалпы ішкі өнімінің кемінде 1 пайыз көлемінде кепілді бағдарламалық-мақсатты қаржыландырып отыру ұстанымы нормативтік түрде бекітілді. Жаңа доктрина Қарулы Күштерді құру мен реформалаудың: құрылымды оңтайландыру; Ұтқыр күштерді басымдылықпен дамыту; басқару жүйесін жетілдіру, әскери-аумақтық құрылымға ауысу; резервті даярлау жүйесін жасау; әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, әскери-ғылыми базаны құру және дамыту; әскери қызмет мәртебесін көтеру; әскери-қызметтік қарым-қатынастарды адамгершілдендіру секілді басты бағыттарын айқындады. 2007 жылғы келесі Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің белгіленген жауаптылық аймақтарында әскери қауіпсіздік міндеттерін шешу мәселелеріндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және әскерлердің стратегиялық бағыттардағы жеткілікті топтастықтарын құру болып айқындалды.

 

Кадр мәселесі оң шешілді

Деректерге сүйенсек, 1991 жылдың соңына таман Қазақстан аумағында КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің жалпы саны шамамен 200 мың адамдық топтастығы болған екен. Өз армиямызды құрып жатқан аса жауапты кезеңде Қазақстанда қызметте жүрген көптеген офицерлер қызмет өткеруді ТМД-ның басқа мемлекеттерінде жалғастыруға немесе запасқа шығуға шешім қабылдады. Екі жарым жыл ішінде, 1992 жылғы мамырдан 1995 жылғы қаңтарға дейін офицерлердің кетуі ең жоғарғы деңгейге – тізімдік құрамның 89 пайызына жетті. Қазақстанның жас армиясы кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп жатты. 1993 жылдың соңына таман негізгі құрамалар мен бөлімдердің офицерлермен жасақталуы 50-60 пайыз шамасында болса, кейбір полктер 40, ал Георгиевтегі мотоатқыштар полкі тек 27 пайыз ғана жасақталды. Үшарал гвардиялық мотоатқыштар полкінен 1992-1995 жылдар аралығында командир, штаб бастығы, командирдің қару-жарақ, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары; киім-кешек, азық-түлік, жанар-жағар май материалдары, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғау қызметтерінің бастықтары кетіп қалды. Алматы мотоатқыштар полкінің батальондарында бірде-бір штаб бастығы, бірде-бір батальон командирінің орынбасары болған жоқ. Полк қызметтері бастықтарының лауазымдары және танк роталары командирлерінің лауазымдары бос тұрды. Тек Қорғаныс министрлігінің жедел және ұтымды шараларының және жас әскерді құруда тынымсыз еңбек еткен генералдар мен офицерлердің, олардың күрделі шешім қабылдай білуінің арқасында ғана жағдай оңды шешілді.

Мәселен, 1996-2005 жылдар аралығында әскери білім беру жү­йе­сінің негізі қаланып, елімізде бір­не­ше әскери оқу орындары ашылды. Олар: Ұлттық қорғаныс уни­верситеті, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әске­ри институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Әске­ри-теңіз институты, Шет тілдері әскери институты. Жұмылдыру резервін толықтыру мақ­сатын­да азаматтық оқу орындарында за­пас­тағы офицерлер даярлау үшін әскери кафедралар ашылды. Сондай-ақ, 1996 жылы Қарулы Күштерге кәсіби сер­жанттар даярлау мақсатында Елба­сы­ның Жарлығымен Шучье қаласында Қор­ға­ныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атын­дағы Кадет корпусы құрылды. Оны бі­т­ірушілер кәсіби сержанттар институ­ты­ның негізін құрады. Бүгінгі таңда сержанттар басқару орталық органдарынан бастап ең төменгі бөлімдерге дейін әскерлердің бү­кіл құрылымын қамтиды. Ал 1999 жылы ашыл­ған армия генералы С.Нұрмағамбетов атын­дағы «Жас ұлан» республикалық мек­тебі на­ғыз патриоттар тәрбиелейтін оқу орнына айналды. Онда тұрмысы төмен және көп балалы отба­сы­ларының балалары білім алуда.

Әскерлерде жеткілікті түрде кадрлар мен зияткер офицерлер әлеуеті қалыптас­ты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­тері институттарының түлектері жыл са­йын ел әскери құрылымдарында ла­йық­ты қызметтен өтеді. Олардың көпшілігі қазір­дің өзінде құрама, әскери бөлім, батальон, рота командирлері лауазымдарында, сон­дай-ақ Қазақстан мен Ресей әс­кери академиялары мен универ­си­тет­терін­де оқып, бі­лімдерін жетілдіруде. Әскери оқу орындарын үздік бітірген түлектерге елбасыі – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы салтанатты жағдайда лейтенант погондарын тапсыруы игі дәстүрге айналып отыр.

Бүгінгі таңда қорғаныс сала­сына қажетті мамандар өз елімізде даярлануда, оған толық жағдай жасалды. Әскери білім беру жүйесіне енген жоғары әскери оқу орындары заман талабына сай бағдарлама бойынша білім беруде. Сонымен қатар, көптеген екіжақты келісімдер негізінде Ресей, АҚШ және Еуропаның жетекші елдерінің әскери білім ошақтарында дәріс алып жатқан мамандарымыз да бар. Бір сөзбен айтқанда, кадрларды даярлау мәселесі оң шешімін тапқан іргелі істің бірегейі.

Теңізшілер тапсырманы оңды орындады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери-теңіз күштері және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды.

Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері құрылған кезден бастап, (1993-1999-2003 жылдан бү­гінге дейін) жеке құ­рам халықаралық келісімдерге сәйкес басқа мемлекеттерден жауынгерлік кемелерді елімізге теңіз арқылы жеткізуге байланысты бірқатар ірі мемлекеттік тапсырмаларды орындады. Мәселен, 1996 жылы  Астраханнан (РФ) су ығыстырғыштығы 70 тонналық ша­ғын төрт күзет кеме, 1999 жылы – Гель­чук портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2001 жылы – Пендик портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі арқылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2006 жылы – Чине портынан (Корея Республикасы) Пен­дик порты мен (Түркия) Мәрмәр те­ңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 150 тон­на­лық кемелер Ақтау портына әкелінді. Аталған тапсырмалар қысқа мерзімде Мәрмәр, Азов, Каспий теңізі, Босфор, Керч бұ­ғаз­дары, Дон, Волга өзендері, Цимлян су қой­масы, 18 шлюзі бар су кемелері өтетін каналдармен Эрели, Синоп порты (Түр­кия), Азов (Ук­раина), Темрюк, Дондағы Ростов, Аст­рахань (РФ) бағыты бойынша орындалды. Жүзу кезінде кеме эки­паж­дарының жеке құрамы батылдық пен ба­тыр­лықтың ерен үлгісін танытса, басқа мемлекеттер алдында Қарулы Күштері­міздің беделін арттырды.

Айта кетейік, 2003 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» Елбасының Жарлығына байланысты Әс­кери-теңіз күштері Қарулы Күш­тер­дің жеке түрі мәртебесіне ие болып, даму жолына түсті.

Ал, 2010 жылғы ақпан айында Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштері Әскери-те­ңіз күштерінің бас қолбасшысына Жауын­гер­лік Ту табыс етті.

Әскери-теңіз күштерінің әскери қыз­мет­шілері жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, Каспий теңізінің қазақ­стандық бөлігіндегі су асты және су үсті жағдайын ұдайы қадағалап отырады. Әскери-теңіз күштері жыл сайын отан­дық және шетелдік оқу орын­дары­ның түлектерімен толықтырылуда. Әс­кери теңізшілер Ресей, Германия, Түркия, Корея, Әзербайжан, Пәкстанда оқиды. Бүгінде Әскери-теңіз күштері одан әрі даму үстінде.

Әскери-теңіз күштерінің негізгі мақ­саттары Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мем­лекеттік шекарасын, аумақтық тұ­тас­тығын, егемендігі мен экономикалық мүд­де­лерін қорғау; агрессордың шап­қын­шы­лығына лайықты тойтарыс беру, қару­лы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға ат салысу; аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қоса алғанда сулы аудандарды қорғау және күзету; құрлықтағы әскерлердің қимылын теңіз­ден қамтамасыз ету болып табылады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"