Тараз қаласында әскери міндеттілер жиыны өтті

Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастауымен 85395 әскери бөлімінің базасында орналасқан Оқу орталығында әскери міндеттілер жиыны өтті. Тараз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің басшылығымен өтіп жатқан екі апталық жиынға 98 әскери міндетті шақырылған.

Әскери міндеттілердің жиынын ұйымдастырудағы басты мақсат әскери білімдерін қайта жаңғырту, жауынгерлік әзірлік, қару-жарақ пен техниканың ерекшеліктерін естеріне түсіріп, жаңа әскери тәсілдермен таныстыру болып табылады. Олар әскерилерді дайындау бағдарламасына сәйкес жауынгерлік дайындық, әскерді тылмен және техникамен қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биолгиялық қорғау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша әзірліктерін шыңдап қайта дайындықтан өтеді.

Сонымен қатар, әскери міндеттілер арасында әскери ант қабылдамағандар анықталып, салтанатты түрде әскери ант қабылдау іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалған соң подполковник Ә. Сейсенбаевпен әскери анттың мағынасы мен мазмұны түсіндірілді. Бұдан соң әскери міндеттілер Д. Ким мен Ж. Туртаев әскери ант қабылдады. Оларға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасының жұмылдыру бөлімінің бастығы полковник
Е. Алиаскаров пен әскери жиын бастығы подполковник Д. Карташов құттықтау сөздерін айтып, тілектерін білдірді.

Ал, демалыс күні взводтар арасында «Үздік саптық ән» конкурсы өткізіліп қана қоймай, әскери міндеттілерге арналған концерт өткізілді. Бұл концертке Ауған соғысының ардагерлері, Тараз қаласының ән конкурстарының лауреаттары мен «Жұлдыз» би тобы өнерлерін паш етті. Аталған күні взводтар арасында спорттық сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

 Осы оқу орталығында әскери міндеттілер өздерінің жауынгерлік даярлықтарын шыңдай түсіп, кезіндегі әскердегі қызметтерін естеріне түсірері күмәнсіз.

Отаншыл жан өз туған халқының өнеге-дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін өз бойларына сіңіре отырып, өзгені де орнына сай құрметтей білуі тиіс. Нақ осы қасиеттерді ел қорғайтын азаматтарымыздың өң бойына қалтықсыз табылып жатса, мемлекетіміздің қорғаныс қабылеттілігі арта түссері сөзсіз. Осындай әскери жиындар өз білімімізді қаншалықты сапалы колдана алантынымыздың көрсеткіші.

 

ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"