Тараз гарнизонының құрамалары мен бөлімдері тексерілді


Тараз гарнизоны бойынша жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдеріне барды.

Қорғаныс министрі істердің жай-күйі мен жауынгерлік даярлықтың барысы туралы «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысын тыңдады, гарнизонның әскери бөлімдеріне барды, онда әскери қалашықтардың инфрақұрылымының, оқу-материалдық базаның жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың сақталуы шарттарын тексерді. Байланыс полкінде қорғаныс ведомствосының басшысына цифрлық басқару құралдарымен жабдықталған жаңа командалық-штабтық машиналардың жұмысын көрсетті. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жекелеген батальонында жеке қорғаныс құралдарының заманауи үлгілері, сондай-ақ жаңа үлгідегі РХБ барлау аспаптары көрсетілді.

Сондай-ақ Қорғаныс министрі Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бөлімшесінің қызметтік жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қорғаныс ведомствосының басшысына ұшқышсыз ұшу аппараттарын даярлау және жауынгерлік қолдану орталығын көрсетті. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімін дабыл бойынша көтеру барысында Қорғаныс министрі белгіленген мерзімде басты шараларды, яғни, оқ-дәрілер мен жағармайды әкелу, әскери қызметшілерді тамақтандыруды және киім-кешекпен жабдықтауды ұйымдастыру, техника мен қару-жарақты жөндеу қабілеттілігіне негізгі назар аударды. Жұмыс нәтижелері бойынша әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ әскери бөлімдердің инфрақұрылымын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"