Танкішілердің штаттық оқ атулары

Бейнеу маңындағы «Бекет ата» полигонында 99116 әскери бөлімінің танк экипаждары Т-72 танкісінің қаруынан мергендік шеберліктерін паш ете отырып, штаттық оқ атуларды өткізді.

Танк экипаждарының штаттық қаруларынан оқ ату машықтарын арттыру, тәжірибелік дағдыларды жинақтау және оқ атуды басқаруды дұрыс ұйымдастыру оқ ату жаттығуының басты мақсаты болып табылады. Экипаждар 1400-1700 метр ара қашықтықта орналасқан танктерді белгілейтін, 500-700 метр қашықтықтағы қол гранатаатқыштарын белгілейтін және жылжымайтын қаруды белгілейтін нысаналар боынша оқ атуды жүргізді.

Бұл ретте барлық нысандар уақыт ішінде пайда болатын болған. Одан басқа, танкішілер танк ішіне оқ-дәрілер жиынтығын салу бойынша және бөлімше мен оқ-дәрілерді жаяу жүру қалпынан жауынгерлікке көшіру және керісінше көшіру бойынша нормативтерін орындады. Оқ ату жаттығуының нәтижесі бойынша мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермеханик -жүргізуші қатардағы жауынгер Жұма-Әли Қуаныш және көздеуші-операторлар қатардағы жауынгерлер Замир Бекдәулетұлы мен Дәулет Керімжанұлы өте жақсы нәтижелер көрсетті. Олардың экипаждары барлық тиісті нормативтерді дұрыс әрі шапшаң орындады және барлық нысаналарға дөп тигізді.

«Әскери бөліміміздегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ұдайы жақсы нәтижелер мен үйлесімділігі жарасқан іс-қимылдар көрсетеді. Бұл жігіттер үшін штаттық оқ ату жаттығулары үйлеріне аттанар алдындағы соңғы болғандықтан, олар бұл сынаққа барлық жауапкершіліктерімен дайындалды», - деп атап өтті бөлім командирі подполковник Ринат Қалиев.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"