Тактикалық оқу-жаттығу барысы тексерілді

«Мәтібұлақ» полигонында әскери ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бригадалық тактикалық оқу-жаттығудың шешуші кезеңінің барысын тексеріп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің дайындығына оң баға берді.

Оқу-жаттығуды тексеру барысында қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу ниетіне сәйкес шартты қарулы шиеленісті оқшаулау және жолын кесу, дағдарыс ауданында тапсырмалардың орындалуының ұйымдастырылуы мәселелері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тыңдады. Бригадалық оқу-жаттығудың ерекшелігі жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің классикалық емес және стандарттық емес үлгілерін, оның ішінде, «танкті әткеншек» және туннельді ұрыс тактикасы тактикалық айла-тәсілдерді қолдану болады. 

Әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен жеке құрамы далалық жағдайда әскерлерді орналастыру, әскерлер қызметін ұйымдастыру, жауынгерлік күзету, әскери техниканы бүркемелеу және пайдалану, сондай-ақ, ұдайы орналасу пункттерінен қол үзу жағдайларында материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін пысықтады. Оқу-жаттығуға барлығы 4 000-ға жуық әскери қызметші, 150-ден астам бірлік броньды техника, 450-ден аса бірлік дөңгелекті техника, сондай-ақ, 12 бірлік авиация тартылғанын естеріңізге сала кетейік.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"