«Тактик» біліктілікті арттыру курсы өтті

ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес мотоатқыштар (механикаландырылған) батальон командирлері мен штаб бастықтарының, десанттық шабуылдау бригадалары мен теңіз жаяу әскерлері бригаларының «Тактик» біліктілікті арттыру курсы өтуде.

 «Тактик» біліктілікті арттыру курсы командалық буынды курстық даярлау жүйесіндегі жаңа жоба болып отыр. Батальон командирлері мен штаббастықтарыөздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқару, жауынгерлік тағайындалуына сәйкес ептіліктерін қолдана білу мәселелері бұл курстың негізгі мақсаты. Аталған курстың аясында офицерлер жалпыәскери ұрыс пен қарулы қақтығыстардың, ұрыс кезінде бөлімшелерге жүктелетін міндеттер мен ұрыс тәсілдерінің негіздерін, қорғаныста жауынгерлік іс-қимылды жүргізуді, қалаларды және блокпостарды басып алу және арнайы жауынгерлік іс-қимылдар жасауды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудағы батальонның жауынгерлік іс-қимыл ерекшеліктерін зерделейді.

Ағымдағы жылғы маусымның 12-і мен шілденің 12-і аралығында оқыту өтеді. «Тактик» біліктілікті арттыру курстарына 226 оқу-жаттығу сағаттары бөлінген. Сонымен бірге 110 сағат практикалық сабақтарға берілген, оның 34-і түнгі уақытта жүргізілетін сабақтар. Бұдан өзге, 8 тактикалық жедел жиналыс, 13 практикалық семинар және 40 теориялық дәріс сағаты бөлінген. 

Жалпыәскери ұрыстардың әр түрін әскерлердіңжауынгерлік қолдану ережелеріне сәйкес кешенді тактикалық тапсырмаларды орындау даярлық қорытындысы болмақ. Бұл курстардың аяқталуы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтары оқу барысында алған білімдерін растай отырып, оқыту пәндері бойынша кешенді емтихан тапсырады, сондай-ақ курсты сәтті бітіргені туралы сертификаттарға ие болады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"