Тағылымы мол кездесу

   Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ШҚО Таврия орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды.

Негізгі мақсат – ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге және азаматтық борышты орындауға әзір, өз Отанына адал, патриот ретінде мақтаныш сезімі күшті дамыған әлеуметтік-белсенді тұлғаны тәрбиелеу. Әскерилер білім ұясының музейіне экскурсия жасады. «Отанды қорғауға – дайын!» сарбаз әндерінің кешіне де куә болды. Мектеп оқушылары Р.Лозенко, А.Жайлаубаева, А.Марамыгина, музыка мұғалімі А.Сағидолданың жетекшілігімен 5-6 және 10-11 сыныптарының вокалды топтары майдан даласында танымал болған патриоттық әндерді орындады. Ән кешінің ең кішкентай қатысушысы Ахмер орта мектебінің 2 «а» кадет сыныбының оқушысы Аружан Бақытқазина Отан мен отбасы туралы өлең оқып берді.

   «Мамандығы – Отан қорғаушы» ерлік сабағында еліміздің шекарасын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрі Директивасы негізінде 1993 жылы 26 сәуірде құрылған 27943 әскери бөлімі туралы баян етілді. Әскери бөлімнің әрдайым алдыңғы шептен көрініп, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, еліміздің стратегиялық маңызды аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауынгерлік міндетті абыроймен атқара беретіні де айтылды. Сондай-ақ, еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындары жайында да мол ақпарат берілді. «Оқу орындарында патриоттылық, адамгершілік және өнегелік нормалары, толеранттылық, рухани даму секілді құндылықтар сіңдіріледі. Осында отырған кез-келгеніңіз Қарулы Күштердің қатарына қабылданып, еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға үлестеріңізді қоса аласыздар. Ең бастысы тұрақты, болашақ мансап пен кәсіби тұрғыда өсу кепілдігіне ие боласыздар»,- деді оқушылардың сауалдарына жауап берген әскери қызметшілер. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік, азық-түлікпен, баспанамен, медициналық, білім беру, демалыс және зейнетақымен қамтамасыз етудің мүмкіндіктері де түсіндірілді. Әскери бөлімнің жас жауынгерлері «Ал, кәне, жігіттер!» әскери-спорттық ойынына белсене қатысты.

   Қатардағы жауынгер Абай ТАҢАТОВ, атқыш зенитші: «Таврия орта мектебіндегі кездесуден ерекше әсер алдым. Оқушылардың Шығыс Қазақстан облысынан шыққан батырлар туралы тарихты айтып мақтанғаны көңілімді шын қуантты. Олардың өскенде дара тұлға боларына нық сенімдімін. Шара барысында мына бір өлең жолдары туындады:

   Қаны нағыз қазақтан жаралғандар,

Ана тілмен сусындап нәр алғандар.

Осындай күлімкөздер аман болса

Орындалар әлі талай сан армандар.

Аман болсын, болашақ ел тірегі, бесік тербер

Ошақ қасы, отбасын жағар жандар!

   Бүгінгі күннен көңілге түйгенім: «Арық біріксе – өзен болар, адам біріксе – күш болар» демекші, біріксе, көзін алартқан жау да еңсесін түсіреді».

 

   Қатардағы жауынгер Жанболат ЕЛУБАЕВ, атқыш: «Маған мектеп музейінде экскурсия жүргізгендер ұнады. Ол жерде екінші дүниежүзілік соғыстың, Ауғанстан жеріндегі соғыстың бір бөлшегі сақталып тұрғандай. Мектептің оқушыларына әскери іс ерекшелігіне аз-кем тоқтала келе, бронды кеудеше мен киім-кешек салатын қапты көрсетіп, қызметі туралы айтып бердік. «Мен – қазақпын!» патриоттық әнін де орындап, тамаша күй кештік».

 

   Қатардағы жауынгер Дмитрий БОГОМОЛОВ: 5-ші мотоатқыштар ротасының атқышы: «Отаным үшін, туған елім үшін кеудемді қуаныш кернеп, «Мен – қазақпын!» патриоттық әнін мен де үлкен мақтаныш сезімімен шырқадым. «Ал, кәне, жігіттер!» әскери-спорттық ойынында балалармен волейбол ойнадық. Қысқасы, естен кетпес кездесу болды».

 

   Қатардағы жауынгер Әмір МҰСАХАНОВ, 2-ші мотоатқыштар батальонының 5-ші мотоатқыштар ротасының оқшашары: «Ерлік пен елдіктің сабағын ұйымдастырғандарға зор алғысымызды білдіреміз. Таврия орта мектебінің ұжымына толағай табыс тілейміз!».

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"