Тәуелсіз елдің айбынды әскері

Тәуелсіздік жылдарында  Қарулы Күштеріміз, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар дамып, көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бүгінде бұл құралымдар жоғары деңгейде жабдықталған, ықтимал қатерлерге төтеп бере алатын заманауи армия.

Бұл – Елбасымыз - ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, яғни, мемлекетіміздің қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, ел тыныштығын қорғауға ба­ғыт­талған сындарлы саясатының жемісі.

Өйт­кені Президент Қарулы Күштер және басқа да әскерлер мен әскери құралым­дар­дың даму бағытын заман ағымына, ел өмі­ріндегі негізгі кезеңдерге сай айқындап отырды, оларды жетілдіру жолында көп­теген өміршең шешімдер қабылдады. Мұ­ның бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін іс жү­зіне асқаны баршаға мәлім.

Әрине, бұл тұрғыдан ал­ғанда өзіміздің Қарулы Күштеріміз бен бас­қа да әскерлер мен әскери құры­лым­дарды құруда, оны жаңа заман талабына сай қа­лып­тастыруда Елбасының еңбегі өте зор. Жалпы Қарулы Күшіміздің құрылу жолдарында әскери-саяси басшылықты ұйымдастыру, эко­номикалық, техникалық, әлеуметтік жә­не құ­қықтық мәселелерді армияның жұмыс жасауы үшін шұғыл түрде шешу, ант, жарғы, әскери доктринаны, идеологиялық қамтамасыз ету жүйесін, елдің ал­ғаш­қы әскери басшылығын құру, әскери кадр­ларды даярлау базасын нығайту, командалық құрам­ды тағайындау сияқты мәселе­лерді ел Президенті өз Жарлығымен заң жүзінде шешіп отырды. Өйткені Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық негіз Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігінде болды. Белсенді әрі мақсатты түрде жүргізілген жұмыстардың барысында алғашқы заңдар да дер уақытында, тиісті деңгейде жария болды.

Қазір заманауи және кәсіби әскері бар бейбіт елміз. Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан өзінің әскери әзірлігі және техникалық жарақтануы жағынан әлемнің алдыңғы қатарлы армияларымен иық теңестіре алатын дәрежеге жетті. Кәсіби тұрғыда шыңдалған Қарулы Күштеріміз халықаралық бірлескен стратегиялық кешенді оқу-жаттығуларына белсене қатысып, мерейлерінің үстем болып жүргені де бар. Еліміздің Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ТМД-ның кейбір елдерінің арасында оқ бойы озық тұруы да – біз үшін  мақтаныш. Мұның бәрі әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығымен, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетумен және аға буынның батырлық, жауынгерлік дәстүр сабақтастығының жалғасуымен жетіп отырған жетістіктеріміз екенін баса айта кетейік.

 

                                                              Капитан Әсет Биғарашев

Жаңаарқа аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"