Тәрбиеші офицерлер арасында волейболдан турнир өтті

ҚР ҚК Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің тәрбиешілері институтының құрылуының 25 жылдығына орайластырылған волейболдан турнир өтті. Спорттық шараны аша отырып, институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ораз Күшіков барлық қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайыста баршаларына сәттілік тілеп, команда ойыншыларын адал ойынға, ал төрешілерді дәйекті төрелік етуге шақырды.

Турнирге тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының командалары, батальон және рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары және болашақ тәрбиеші офицерлер мен психологтардан құралған бес курсанттық команда қатысты. Барлық әуесқой спортшылар өздерінің жақсы дайындықтары мен дене сымбаттылықтарын көрсеткендерін айта кету қажет. Әрбір ұпайға күресуде батальон және рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлардан құралған команда ойыншылары табандылық танытты. Курсанттар құралған командалар арасында тәрбие құрылымдарының болашақ офицерлері жақсы нәтижелер көрсетті. «Спорт әрқайсысы үшін сүйікті іс болған кезде ғана тәрбие беру құралына айналады. Спорт физикалық және моральдық қасиеттерді жетілдіреді әрі тексереді. Бұл ойын бір ойыншының шеберлігінен ғана емес, барлық команданың кәсіпқойылығы мен жұмылуынан құралады. Ойыншылар бір-бірін сезініп, серіктеріне қолұшын созып, оларды көтермелеулері керек. Онсыз жақсы нәтиже шықпайтыны анық. Командамыздың жұмылуы мен табандылығы қарсыластарымыздан оза шығуға көмектесті», - деп 5 рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ернар Асқаров атап өтті.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"