Тәрбие процесі әрдайым үлкен жауапкершілікті талап етеді

Бүгінгі күні ҚР ҚК әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімінің атауы тәрбие және идеологиялық басқарма атауына ауысты. Тәрбие процесі әрдайым үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл кезекте әскери саладағы тәрбиенің қалыптасуы мен даму жолдары ерекше. Себебі темірдей тәртіпті қажет ететін әскери сала мамандары үшін Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтқанда «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» ел қорғаны, жалынды  жастарды тәрбиелеудің маңызы орасан.

Сондықтан да, ҚР ҚК әскери бөлімдері мен  жоғары әскери оқу орындарында және арнайы әскери мектептерінде Тәрбие және идеологиялық жұмыстары басқармасы кең көлемде қызмет атқарады. Осы орайда болашақ офицер мамандар кадрларын даярлайтын Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі басқармасына тоқталып өтуді жөн көрдік.

         Әскери институттың қазіргі таңда 15 жылдық тарихы бар. Институт бастығы генерал-майор Қайрат Ануарбекұлы Садыков оқу және тәрбие үдерісін бірдей қадағалап, басқарма басшыларынан жоғары деңгейде нәтиже көрсетулерін талап етіп, курсанттардың Отан алдындағы міндеттерін, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру жұмыстарын басты назарда ұстайды.

         Әскери институттағы тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі басқарма ұжымы институттың мерейін арттыру, алдыңғы қатардан көріну, курсанттардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін бақылау, оларды әскери этика рухына тәрбиелеу жолында қарқынды қызмет атқарып келеді.

Аталмыш басқарма офицерлер мен сержанттарды және курсанттарды тәуелсіз Қазақ елінің жарқын болашағы үшін кез келген жағдайға дайын болу шараларын ұйымдастыру, әскери-патриоттық рухты қалыптастыру іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ курсанттардың көшбасшылық қасиеттерін арттырып, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, әскери тәртіпті нығайту сынды бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

Қызмет барысында өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмаларды уақытылы, жоғары деңгейде өткізілуін басты назарда ұстап, тәрбие үдерісіне өзіндік үлесін қосып жүрген басқарма офицерлерінің еңбегі орасан.

Институтта әскери қызметшілердің шығармашылықпен айналысып, спорттық  жарыстар өткізу үшін, сонымен қатар рухани білімдерін арттыру үшін әдеби кітапхана орындарымен жабдықталған. Жеке құраммен ұлттық және жауынгерлік дәстүрлерді насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.

Тәрбие – үздіксіз процесс. Ол қоғамдағы қажеттіліктерге сай дамып, ұлғайып отырады. «Тәрбие – тал бесіктен» - деп бекер айтылмаса керек. Егемен елдің даму жолында жас буынды жан-жақты тәрбиелеп, олардың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру барысында үздіксіз қызмет атқару ол біздің міндет.

ҚР ҚК әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарындағы тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі басқарма ұжымдарын айтулы күнімен құттықтаймыз!

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"